«Құлан медиа ақпараттық орталығы» ашылды
Қазір облыс әкімдері мен қалалардың, аудан және ауыл әкімдері әр тоқсан сайын халықпен кездесіп, тұрғындар көтерген түйткілді мәселелерге құлақ түріп, олардың жүзеге асырылуына барынша жұмыс істейді.
Жасыратыны жоқ, аудан әкімі Ернар Есіркеповтің бастамасымен ауданымызда көптеген ілкімді істер атқарылуда. Соның бір дәлелі ретінде осы «Құлан медиа ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін айтсақ болады. Қазір жұрттың көбі әртүрлі әлеуметтік желінің платформаларын қолданады. Орындысы бар, орынсызы бар, әйтеуір, сондағы жұрттың көбісі «әкімді сынағыш» келеді. Енді «Құлан медиа ақпараттық орталығы» аудан әкімінің тұлғалық имиджін қалыптастырып, аудан тұрғындарына барынша шынайы әрі тұшымды ақпарат тарататын болады.
«Құлан медиа ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы, «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының 18 және 124-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» және аудан әкімдігінің 2023 жылдың 12 қазанындағы №259 қаулысы негізінде аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі жанынан құрылып отыр. «Құлан таңы» газетінде 7 жыл жұмыс істеп, өзінің іскерлігін көрсеткен әріптесіміз Жәнібек Базылбеков осы «Құлан медиа ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды.
Марат ДИХАНБАЙ,
Т.Рысқұлов ауданы
Келесі мақала