Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбыл облысында жасөспірімдер, ата-аналар және ойын-сауық орындарының иелері жауапкершілікке тартылды

Жамбыл облысында жасөспірімдер, ата-аналар және ойын-сауық орындарының иелері жауапкершілікке тартылды
Жамбыл облысы ПД
Жамбыл облысында көктемгі демалыс кезеңінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Демалыс» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды arainfo.kz

Іс-шара барысында балаларды тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 23 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында болуына жол берген 4 мекеме иесіне де шара қолданылды.

Рейд нәтижесінде заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта үйден тыс жерде жүрген 122 жасөспірім анықталды. Бұдан бөлек, ойын-сауық орындарында түнгі уақытта болған 8 жасөспірім тіркелді.

Сондай-ақ жасөспірімдердің ұсақ бұзақылық әрекеттеріне байланысты 8 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Профилактикалық есепке 6 жасөспірім мен 9 қолайсыз отбасы қойылды.

Одан бөлек, ішкі істер органдарында есепте тұрған 73 жасөспірім мен 63 ата-ананың тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар