Ұлттық банк 10 мың теңгелік ескі банкноттарды пайдалану мерзімін ұзартты
- author AR-AY
- Бүгін, 16:58
- 22
Оның айтуынша, бастапқыда аталған купюраларды қатар пайдалану мерзімі 27 маусымда аяқталуы тиіс болған. Алайда Қазақстан Ұлттық Банкі бұл мерзімді тағы бір жылға ұзартуды жоспарлап отыр.
– Біз мерзімді тағы бір жылға ұзартуды көздеп отырмыз. Бұл купюраларға сұраныс жоғары. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы, негізінен екінші деңгейлі банктер бізге осындай өтініш білдірді, – деді Тимур Сүлейменов.
Бұған дейін Ұлттық банк 10 мың теңгелік банкноттар азаматтар мен кәсіпкерлер арасында ең кең таралған купюралардың бірі екенін хабарлаған болатын. Сондай-ақ 2 мың және 10 мың теңгелік банкноттардың қатар қолдану мерзімін бір уақытта аяқтау банк жүйесіне қосымша жүктеме түсіруі мүмкін екені айтылған.
Айта кетейік, Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды.


