ТАУ-КЕН ӨНДІРІСІ ЖАНДАНБАҚ
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «Wuhan Top Resources Holdings Co., Ltd» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.
Компания төрағасы Ли Вэй өздерінің қызметі туралы айтып, Жамбыл облысында бизнесті дамытуға қатысты ойларымен бөлісті.
Тараптар тау-кен өнеркәсібінде бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарларын талқылады.
Облыс әкімі бүгінгі таңда өңірде жоғары технологияларды дамытуға қажетті әрі сұранысқа ие шикізаттың ауқымды қоры бар екенін атап өтті.
Ли Вэй мырза таза және заманауи өндірісті жолға қоюға, компания Жамбыл облысымен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін жеткізді.
Алғашқы кезеңде инвестиция көлемі 110 миллион АҚШ долларын құрайды деп көзделіп отыр.
Облыс әкімінің
баспасөз қызметі
Келесі мақала
«Құлан медиа ақпараттық орталығы» ашылды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қордай ауданының прокуратурасы «Тәртіпті өзіңнен баста!» атты жастар форумын өткізді
- авторAR-AY
- 27 желтоқсан, 2024