Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖУАЛЫНЫ ЖАРҚЫН ӨЗГЕРІСТЕР КҮТІП ТҰР

ЖУАЛЫНЫ ЖАРҚЫН ӨЗГЕРІСТЕР КҮТІП ТҰР
ашық дереккөз
ЖУАЛЫНЫ ЖАРҚЫН ӨЗГЕРІСТЕР КҮТІП ТҰР
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындай білгеннің нәтижесінде Жуалы ауданында 10 айдың қорытындысы бойынша жақсы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізілген. Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза жыл басынан бері атқарылған жұмыстар, алдағы ауқымды жоспарлар жайлы баяндады. Жері шұрайлы, топырағы құнарлы Жуалы ауданының халқы ауылшаруашылығына бейім. Сондықтан да аудан әкімі алдымен ауылшаруашылығы саласындағы негізгі көрсеткіштерге тоқталып өтті. Мал және егіншаруашылығындағы нәтижелі жұмыстарды баяндаған Жалғас Алижанұлы «Ауыл аманаты» жобасына ерекше басымдық берді. Айтуынша, 2019 жылы жобаға ауданнан Ақтөбе ауылдық округінің 4 елді мекені қатыстырылып, аталған жобаның 5 бағыты бойынша жалпы 723 463 миллион теңге несие қаражаты беріліп, толық игерілген. 2021 жылы Ақсай ауылдық округіне қарасты 2 елді мекеннің тұрғындарына 694 526,2 мың теңге беріліпті. Биыл Жетітөбе ауылдық округінен 147 тұрғын 778 миллион теңге қаражат алса, 46 үміткердің өтініштері қанағаттандырылып, қазіргі таңда қаражатын күтіп отыр екен. Сонымен қатар Қызыларық, Қарасаз және Мыңбұлақ ауылдық округінің тұрғындары да жобаға қатысып, бүгінде құжаттарын рәсімдеп жатыр екен. Құрылыс саласында да жоғары қарқын бар. 2023 жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша, пайдалануға қабылданған тұрғын үй құрылысының көлемі 13 640 шаршы метрді құраған. Қазіргі таңда аудан бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін кезекте тұрғандардың жалпы саны 6 291 азаматтан асқан. Кезекте тұрған азаматтарға берілетін жер телімдерін арттыру мақсатында бас жоспарларға сәйкес «2022-2025 жылға дейін дамыту картасы» әзірленген. 2022 жылға «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 220 миллион теңгеге 3 алқапқа (инженерлік инфрақұрылым жүргізуге) қаржы бөлініпті. Қазіргі таңда өткен жылы 186 кезекте тұрғандарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін учаскелер беруге дайын. Сондай-ақ 2023 жылдың қаңтар-қараша айы аралығында кезегі жоқ елді мекендердің ішінен ауылдық округ әкімінің шешімімен 35 жер телімі берілген. Ауданда кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп келеді. «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында биылғы жылдың 10 айында 22 жоба 296 миллион теңгеге қаржыландырылған. Аудан әкімінің сөзіне сүйенсек, мемлекеттік бағдарламалар, жарқын жобалар сан саланың қарқынды дамуына септігін тигізіп жатыр екен. Мәселен, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 2023 жылы Нұрлыкент, Көлтоған және Қарасаз ауылындарында спорт кешенін салу жоспарланған. Биыл жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, кешенді сараптаманың оң қорытындысының нәтижесі бойынша облыстық құрылыс басқармасына бюджетті өтінім берілген. Елді мекендерді көгілдір отынмен қамту ісінде де ілгерілеушілік байқалады. Аудан бойынша 49 елді мекеннің 45-і (91,8 пайыз) табиғи газбен қамтылған. Жоспарға сәйкес 2025 жылы аудандағы елді мекендерді таза ауызсумен және табиғи газбен толығымен қамтамасыз ету көзделуде. Баспасөз мәслихаты барысында Жалғас Мұртаза әр саладағы толымды тірліктерге жан-жақты тоқталып, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Талғат Нұрханов
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар