Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

СТУДЕНТТЕРГЕ ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ БАРЫСЫ ДӘРІПТЕЛДІ

СТУДЕНТТЕРГЕ ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ БАРЫСЫ ДӘРІПТЕЛДІ
ашық дереккөз
СТУДЕНТТЕРГЕ ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ БАРЫСЫ ДӘРІПТЕЛДІ
Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында «Елу жылда – Ел жаңа» үкіметтік емес ұйымының ұйытқы болуымен Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауыл шаруашылық колледжінде «Жас отбасы» ақпараттық курсын ұйымдастыру бағыты бойынша «Отбасының тұрақтылығы, өазара қарым-қатынас пен некені сақтаудың маңыздылығы» тақырыбында студенттерге дәріс өтті. Жиында ҮЕҰ төрайымы Шарапат Сүйімқұл сөз сөйлеп, студенттерге лекция оқыды. Өз сөзінде ұйымдастырушы - Әр отбасы – мемлекеттің кішкентай бөлшегі. Оның бастауы, негізі әке болса, жанұяны сақтау тікелей әйел азаматшасына байланысты. Осы екеуінің алдында бала болашағы деген ұғым бар. Екі саналы жас бірлесе, ұл-қыз тәрбиелей отырып, үлкендермен қарым-қатынасты орнату, Отаншылдық сезімді қалыптастыруды бойына сіңіреді, – деді. Сонымен қатар жиынға қатысқан құқық қорғау, әлеуметтік сала мамандары мен психологтар тақырып төңірегінде атқарылған жұмыстарды баяндап, жастарға өмірлік өнегелерін айтты. Студенттер де мамандарға өз сауалдарын жолдап, оған жауап алды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар