Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ КЕЗІНДЕ ҚАЙТПЕК КЕРЕК?

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ КЕЗІНДЕ ҚАЙТПЕК КЕРЕК?
ашық дереккөз
ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ КЕЗІНДЕ ҚАЙТПЕК КЕРЕК?
Тұрмыстық зорлық-зомбылық – ол отбасы мүшесінің бір шаңырақта тұрып жатқан адамға немесе бұрынғы күйеуі не әйеліне көрсеткен зорлық-зомбылық. Отбасы-тұрмыстық қатынас саласында қылмыстар мен құқықбұзушылықты алдын алуда, әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекс ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап заңды күшіне енді. Тәжірбие көрсетіп отырғандай, тұрмыстық зорлықтан зардап шегушілер өміріне немесе денсаулығына қауіп төнген кезде полицияға жүгінеді, ал полиция қызметкерлері келгеннен кейін агрессорларға қарсы арыз жазудан бас тартады. Көбінесе полиция келіп кеткеннен кейін отбасындағы жанжал әрі қарай жалғасады, кейде бұл ауыр зардаптарға әкеліп соғып жатады. Ұсынылған түзетулер зардап шегушілердің өтінішінсіз (яғни тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға мүмкіндік береді. Хаттама толтыру үшін оқиға болған жерді қарап тексеру хаттамасы, жәбірленушіден түсініктеме алу, куәлардың, көшірмелердің айғақтары, бейнебақылау камераларының сондай-ақ полицейдің бейнетіркегішінің жазбасы жетіп жатыр. Енді сотта тек бір рет татуласуға болады, қайталанған жағдайда татуласу мүмкін емес яғни, дибошир жауапқа тартылады. Бұл зардап шеккендерге психологиялық қысынан құтылуына мүмкіндік береді. Отбасы тұрмыстық қатынас саласында қылмыстар мен зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында «Елу елде – Ел жаңа» үкіметтік емес ұйымы, медиатор, Жамбыл облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілі қызметкерлерімен бірлесіп, мемлекеттік ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелерде дәрістер беріліп, өз құқықтары бойынша заңнамалары түсіндіріліп, түсіндіру-профилактикалық сұхбаттар Тараз қ. ПБ Арнайы қабылдау бөліне орналастырылған отбасы- жанжалы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаларға дәріс өткізілуде. Анар Мұсаева, Тараз қ ПБ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар