ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!
Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы шеңберінде «Елу жылда – Ел жаңа» ҮЕҰ ұйытқы болуымен Тараз қалалық Полиция бөлімшесі арнайы қабылдау орнында «Отбасын қолдау мектебі: білім беру мектебін ұйымдастыру» бағыты бойынша «Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында агрессорлармен тренинг өтті. Жиында отбасы құндылықтары, жанұяны сақтап қалудың маңыздылығы жайында сөз болды.
Барша әлем елдерінде белең алған тұрмыстық заң бұзушылық біздің елімізде де өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Зерттеулер бойынша оның басты себептерінің бірі: маскүнемдік, жұмыссыздық, әлеуметтік жайлар болып табылады. Іс-шара барысында психолог маманы бүгінгі семинардың маңыздылығына тоқталып, отбасылық тұрмыстық қатынастар барысында жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу және отбасының қоғамдағы рөлін күшейту туралы баяндама жасады. Ал құқық қорғау қызметкерлері орталықтың қызмет алушыларына жұмыспен қамту шараларын жеткізіп, облыс орталығы Тараз қаласында қажет ететін бос жұмыс орындарын ұсынды.
Келесі мақала