Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбыл ауданында 193 жоба жүзеге асады

Жамбыл ауданында  193 жоба жүзеге асады
ашық дереккөз
Жамбыл ауданында 193 жоба жүзеге асады
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Брифингте аудан басшысы аймақта атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Спикердің айтуынша, ауданға қарасты 17 ауылдық округтегі 42 елді мекенде 88 211 халық тұрады. – Аудан аумағынан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі өтеді. Айша бибі, Бабажа хатун кесенесі, Бектөбе, Бесағаш қалашығы, Ақыртас сарай кешені, Әулие бастау бұлағы, Айша бибі шипажайы мен бірнеше демалыс орындары бар. Аймақта барлығы 3 415 агроқұрылым жұмыс жүргізуде. Оның ішінде 4 өндірістік кооператив, 35 ауылшаруашылық кооперативі және 3 376 шаруа қожалығы тіркелген. Осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 53,6 миллиард теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,2 пайызға жетті. Ал ауылшаруашылығы мақсатындағы жайылым 177 020 гектарды құрайды. Ауылдық округтерге қоғамдық пада үшін 18 761 гектар берілді. Жетіспейтін жайылым көлемі – 87 100 гектар. Бүгінгі күні атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 37 300 гектарды құрайтын жайылым жетіспеушілігі анықталып отыр. Ал ауылшаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі 5 878 гектар жер мемлекет меншігіне алынды. Оның ішінде 310 гектар егістік, 7 мың гектар шабындық, 5 561 гектар жайылымдық жер учаскелері бар, – деді Е.Қыдыралыұлы. Баяндамашы Жамбыл ауданында 2027 жылға дейін жалпы құны 38,2 миллиард теңгені құрайтын 193 инвестициялық жоба жүзеге асырылатынын айтты. Нәтижесінде 1 038 жаңа жұмыс орны құрылады. Ауылшаруашылығы бағытында 9,7 миллиард теңгеге 68 жоба іске асырылып, 319 жұмыс орны ашылады екен. Оның 26 жобасы биыл іске асып, 62 жұмыс орны құрылатын болады. Сонымен қатар аудан басшысы өзі басқарып отырған өңірдің экономика, құрылыс, білім, спорт, мәдениет, денсаулық салалары бойынша атқарылған жұмыстарға да тоқталды. «AR-AI»-ақпарат
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар