Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

бақыт кілті бағалағанның қолында

бақыт кілті бағалағанның қолында
ашық дереккөз
бақыт кілті бағалағанның қолында
Қоғамда отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында жуырда облыстық «Анаға тағзым» орталығы мен «Jambyl» телеарнасының бірлескен жобасы аясында «BAQYT KILTI» атты енелер мен келіндер форумы өтті. Ұйымдастырушылар форумның басты мақсаты шаңырақтың шайқалмауын насихаттап, ене мен келін арасындағы ауызбіршіліктің сақталуын, жарасымды жанұя мен өнегелі отбасыларды көпке үлгі ету екенін айтады. Аталған форумда ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен құндылықтарымыз жаңғырып, іс-шараға қатысушы енелер мен келіндер кимешек киіп, орамал тақса, шақырылған қонақтар да ұлттық киіммен келіп, аталған форумның ажарын ашып, көркіне көрік қосқандай болды. Жиынға елімізге белгілі зиялы қауым өкілдері, ардагер ұстаздар, ақын-жазушылар, мәдениет және руханият саласының үздіктері және профессорлар, кәсіпкер ханымдар, көпбалалы аналар, медиа саласының үздіктері мен қоғам белсенділері, «Бақыт кілті» бағдарламасының кейіпкерлері мен орталықтың курс және үйірме қатысушылары қатысты. Салтанатты шараны Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Нұрсифат Салықова мен профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты Күлжәмилә Жолдасова ашып берді. Ары қарай «Бақыт кілті» жобасына қатысқан кейіпкерлерді халыққа жоба авторы, белгілі журналист Қымбат Қаржауқызы таныстырды. Облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова әр жұпқа «Бақыт кілтін» табыстап, сый-сияпат ұсынды. Бағдарламаға қатысқан қатысушыларды облыстық «Анаға тағзым» орталығының директоры Эльмира Мырза-Ғали мен облыстық «Jambyl» телеарнасының директоры Гүлбаршын Құланбаева марапаттады. Сондай-ақ форум аясында енелер мен келіндер түрлі бағытта шеберлік сағаттарын өткізді. Сонымен қатар 7 локацияға бөлінген енелер мен келіндер өз өнерлерін ортаға салды. Мысалы қатысушылар курс және үйірме жетекшілерінің модераторлық етуімен орталықтың «Береке» аспаздық студиясында «Абысын тату болса, ас көп» атты шеберлік сағатын өтсе, «Бойтұмар» дизайн және қолөнер студиясында «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді», ал «Қазына» ұлттық аспаптар үйірмесінде «Өнерлінің өрісі кең», «Шолпы» сұлулық студиясында «Еңбек етсең, емерсің, ерінбесең жетерсің», «Сырғалым» сырласу клубында «Сырласайық, жеңеше» және «Інжу-маржан» әдеби үйірмесінде «Жаңашылдық жетістікке жетелейді» деген сияқты тақырыптарда шеберлік сағаттары мен «Ана тілі» шешендік өнер кабинетінде «Есті келін енеден» тақырыбында енелер кеңесі өтті. Айта кету керек, бір жыл ішінде 22 ене мен келіннің арасындағы ауызбіршілікті, жарасымды жанұя мен өнегелі отбасыларын көпке үлгі еткен 22 хабар түсірілген. Ал кезекті форумға 17 ене мен келін қатысқан. Шапағат Әбдір
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар