Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордан балаларға ақша аудару туралы заңға қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордан балаларға ақша аудару туралы заңға қол қойды
ашық дереккөз
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордан балаларға ақша аудару туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетейік, заң жобасы Мемлекет басшысының 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50 пайызын балалар 18 жасқа толғанға дейін мерзімінен бұрын алу құқығынсыз олардың арнайы жинақтау шоттарына аударуды көздейтін «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске қосу қажеттілігі туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында әзірленді.

Заң жобасының негізгі мақсаттары – кәмелетке толған кезде жиналған қаражат есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе білім алуға мүмкіндік жасау мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының өскелең ұрпағын қолдау

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар