
Олимпиададан олжалы оралды
Жақында Жезқазған қаласында химия пәні бойынша 9-сынып оқушыларына арналған Қ.Сәтбаев атындағы республикалық олимпиада өтті. Сайысты ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Ұлытау облысының білім басқармасы және «The Ulytau Educational Foundation» қоғамдық қоры ұйымдастырды.
Олимпиаданың мақсаты – дарынды балаларды анықтау және қолдау, теориялық білім мен практикалық дағдыларын тереңдету, олардың химия пәнін оқуға қызығушылығын арттыру.
Республикалық олимпиадаға әр өңірден 76 оқушы қатысты. Соның ішінде Жамбыл облысынан 3 оқушы бақ сынады.
Олимпиада қорытындысы бойынша 2 оқушы жеңімпаз атанды. Атап айтсақ, дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушылары Мирас Байсбек пен Алмас Ендібай кіл мықтылар бас қосқан пән олимпиадасында үшінші орынды қанжығаларына байлап қайтты. Жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
Жамбылдың атын шығарған жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз!
Ақтоты Жаңабай
Келесі мақала
Президенттік шәкіртақы иегерлері анықталды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Германияда өтетін жазғы Универсиадада ел намысын 76 спортшы қорғайды
- авторAR-AY
- 15 шілде, 2025