Президенттік шәкіртақы иегерлері анықталды
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің бұйрығымен 2023 жылы Президенттік шәкіртақы еліміздің 55 жоғары оқу орнында 1005 студент пен 7 магистрантқа тағайындалды.
Бакалавр студенттері үшін Президенттік шәкіртақы мөлшері – 73 320 теңге, магистранттар үшін – 173 974 теңге.
ҚР Президенті стипендиясының мақсаты – білім алушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, неғұрлым дарынды және қабілетті студенттер мен магистранттарды қолдау, сондай-ақ зияткерлік әлеуетті қалыптастыруға жәрдемдесу.
Стипендиаттар үшін іріктеудің негізгі критерийі – тек «өте жақсы» (А, А -) оқу. Сондай-ақ, студенттер мен магистранттардың республикалық және халықаралық олимпиадалардағы, шығармашылық конкурстардағы, спорттық жарыстардағы, фестивальдардағы жетістіктері ескеріледі.
Сонымен қатар, ғылыми жаңалық ашқан студенттер мен өнертабыстардың авторлары да стипендия иегерлері бола алады. Президенттік стипендия 3-курстан бастап күндізгі бөлімде оқитын студенттерге және екінші курстан бастап магистранттарға тағайындалады.
Ақтоты Жаңабай
Келесі мақала
Әскери саланың майталманы
Ұқсас жаңалықтар
Білім
Қазақстанда фотосуретті 3D-модельге айналдыратын Telegram-бот іске қосылды
- авторAR-AY
- 1 сәуір, 2026




