Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жемқорлықпен күрес жүйелі жүргізілуде

Жемқорлықпен күрес жүйелі жүргізілуде
ашық дереккөз
Жемқорлықпен күрес жүйелі жүргізілуде
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жүйесінің 13 бағыты бар. Өз кезегінде, мемлекеттік органдармен ол іс-шаралардың тек 4 бағыты бойынша тиімді жұмыс істесе, нәтижесімен, нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жоюға, қаржылық бақылаудың тетіктерін сақтауға, мүдделер қақтығысын болғызбауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауға, жалпы жемқорлықтың алдын алуға барынша мүмкіндік береді. Аталған бағыттарға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар туралы хабарлау жатады. Өңірдегі мемлекеттік органдар аталған бағыттардың тек сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысын атқаруда. Бұл жұмыстар, облыс әкімі аппараты тарапынан енгізілген ұсыныстардың және хаттамалық тапсырмалардың нәтижесімен №4 үлгілік базалық бағыты арқылы ғана іске асырылуда. Алайда жергілікті атқарушы органдармен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 92 ішкі талдау жүргізгенімен (36 орган, 56 квазимемлекеттік), маңызды жемқорлық әрекеттерді және оның тәуекелдерін жоюға бағдарланған тәуекелдер анықталмаған. Өз кезегінде, департаментпен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстары бірнеше салаға жүргізіліп, облыс әкімімен бірлесіп қабылданған шешім аясында қазіргі таңда денсаулық сақтау саласына талдау жүргізілуде. Талдау нәтижелерімен көптеген жабық қалған мәселелердің көзі ашылуда. Жыл соңына дейін спорт саласын қамту көзделіп отыр. Жер саласына жүргізілген талдаумен келесі тәуекелдер анықталған. - бос жер учаскелері туралы ақпараттардың интернет-ресурстарында (сайттарда) толық жарияланбауы; - аукцион арқылы сатып алынған жер учаскелері алыпсатарлық объектілеріне айналғандығы; - ҚР Жер кодексінің талаптарына қайшы келе отырып, конкурсты айналып өту арқылы ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру фактілері; - Жер комиссияларымен жер беру құқығын алу кезінде негізсіз бас тарту. Жер қатынастары бөлімдеріне келіп түскен өтініштерді зерделеумен, жер комиссиялары жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жүйелі түрде, бірнеше рет негізсіз қабылдамай бас тартып, кейін қанағаттандырып отырғандығы анықталды. Сондай-ақ заңнамаға қайшы берілген 3000 гектарға жуық жер учаскелерін қайтару мәселесі бойынша Тараз қаласы, Байзақ, Жуалы, Шу әкімдіктеріне ұсыныс енгізілді. Денсаулық сақтау саласындағы талдау осы айдың аяғында аяқта­лады. Алдын ала тәуекелдерге келе­тін болсақ, ауруханалардың басшылығы тарапынан үстемеақы төлеу нормалары туралы Ережемен белгіленген нормалардан асатын қосымша ақылар мен үстемеақылар есептеудің жүйелі фактілері анықталды. Сондай-ақ кредиторлық берешегі бола тұра әкімшілік персоналдары үлкен көлемде сыйақы алып келген. Әрі қарай қайтарымды сомасына аудиторлар қорытынды беретін болады. Одан бөлек, медициналық жабдық­тарды жоғарылатып сатып алу, олардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етпеу, олардың өлшем көрсеткіштері метрологиялық нормаларға сәйкес келмейтіні туралы мәселелер де анықталды. Жалпы талдау нәтижесімен абаттандыру саласы болсын, білім, денсаулық саласының барлығына тән тәуекел, бұл мемлекет қаражатын ысыра пайдалануға жол берілетіндігін көрсетті. Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмысын жандандыру мақсатында департаментпен «Адалдыққа бір қадам» жобасы іске қосылды. Жоба аясындағы жұмыстар Жамбыл, Талас, Меркі ауданы әкімдіктерімен бірлесіп қолға алынды. Жыл соңына дейін барлық ауданды қамту көзделуде. Ауқымды жұмыс істеліп, нәтижесінде 20 000-ға жуық аудан, ауыл тұрғындары ақпараттандырылды. Жоба аясында аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік сауалнама жүргізіліп, оған 1716 респондент қатысты. Жемқорлық фактілері жиі кездесетін салаларды, денсаулық – 23,9 пайыз (410), білім – 18,4 пайыз (315) және 9,6 пайыз (165) әлеуметтік сала деп көрсетті. Демек бұл сол саланың басшыларына сигнал, яғни тұрғындар бағаны денсаулық сақтау немесе білім ұйымының есепші немесе үнемдеушілеріне беріп отқан жоқ. Ал халықпен тікелей жұмыс жүргізу барысы, олардың көрсетілетін қызметінің сапасына, жұмысқа қабылдаудың ашықтығына, сағат бөлу, ішкі ынталандыру жұмысының тиісті деңгейде еместігіне сын келтіріп отыр. Департаментпен үнемі бірыңғай сатып алу терезесі арқылы мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алу жоспарларына мониторинг жасалып отырады. Департаменттің енгізілген ұсыныс хаттары негізінде мемлекеттік органдардың сатып алу жоспарлары қайта қаралып, нәтижесінде 5,9 миллиард теңгеден астам қаражат үнемделді. Мысалы, Меркі ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі құны 275 миллион теңге болатын 1 кеңсе ғимаратын сатып алуды жоспарлағаны белгілі болған. Департаменттің ұсынымынан кейін сатып алу бағасы қайта қаралып, 120 миллион теңгеге дейін төмендетілді, нәтижесінде 155 миллион теңге үнемделді. Бұндай мысалдар аз емес. Дәурен ОМАРОВ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар