Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ҚАЖ қызметкерінің ата-анасына алғыс жарияланды

ҚАЖ қызметкерінің ата-анасына алғыс жарияланды
ашық дереккөз
ҚАЖ қызметкерінің ата-анасына алғыс жарияланды
Қай кезеңде де құқық қорғау саласында қызмет ету – абыройлы міндет. Десе де, қиындығы мол осынау салада мүлтіксіз қызмет ету әрі басшы құрам тарапынан еңбегіңнің бағалануы айтуға ғана оңай. Себебі, күн сайын түрлі мінезді азаматтарға заң талаптарын түсіндіріп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету қиынның қиыны. Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекем бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары, әділет капитаны Бақытжан Таңсықұл бұл үдеден шыға білген офицерлердің бірі. Өз ісіне асқан жауапкершілік танытқан Бақытжан Манатұлының анасы Аягөз Нүрпейісоваға жуырда ғана аталған департаменттің бастығы, әділет подполковнигі Жәнібек Қосжановтың Алғыс хаты табыс етілді. Онда ұлына сапалы білім мен саналы тәрбие берген ата-анасына басшы құрамның ізгі тілегі жазылған. Айта кетейік, ҚАЖ қызметкерінің анасы Жамбыл ауданына қарасты Билікөл ауылдық округіндегі Қарабастау орта мектебінде ұстаз болып қызмет етеді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар