Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Сербияда жерленген жамбылдық жауынгерлердің есімдері белгілі болды

Сербияда жерленген жамбылдық жауынгерлердің есімдері белгілі болды
ашық дереккөз
Сербияда жерленген жамбылдық жауынгерлердің есімдері белгілі болды
1944-1945 жылдары Сербияда қаза тапқан жерлестеріміздің есімдері белгілі болды. Тізімде Қазақстанның түкпір-түкпірінен шақырылған 198 сарбаз бар. Бұлар негізінен ұрыс кезінде немесе госпитальдарда қайтыс болғандар, деп хабарлайды «Знамя труда» тілшісі «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігіне сілтеме жасап. Бүгінде «Атамның аманаты» қоғамдық ұйымы қызыл әскерлердің туыстары мен жақындарын іздеумен айналысып жүр. Еуропада жерленген қазақ жауынгерлерінің тізімін жасау жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта Латвия, Литва, Англия, Чехия, Эстония, Словакия, Германия, Молдова, Аустрияның мұрағаттары зерттеліп жатыр. Сербияда жерленгендердің тізімінде алты жамбылдықтың аты-жөні бар.
Есполов Беккул Қазақ ССР, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Акртюбинский селосы
Асанов Рымбай Юсупович 1919 ж.т Қазақ ССР, Жамбыл облысы,                            Сары-Су ауданы, село Байхабай
Алтынников Иван Тихонович 1924 ж.т Қазақ ССР, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы,   село Мало-Ивановка
Жахаев Тулеконь 1896 ж.т Қазақ ССР, Жамбыл облысы, Қордай ауданы,    д. Розы Люксембург
Биккулиев Досвай 1916 ж.т Қазақ ССР, Жамбыл облысы,  Талас ауданы, Ерназарский с/с
Нуржанов (Куржанов) Атбай 1893 ж.т Қазақ ССР, Жамбыл облысы,, к/з Пионер
   
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар