Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖАҢА ШТАММ ҚАУІПТІ МЕ?

ЖАҢА ШТАММ ҚАУІПТІ МЕ?
ашық дереккөз
ЖАҢА ШТАММ ҚАУІПТІ МЕ?
Әлемді екі жылға жуық уақыт әуре-сарсаңға салған коронавирус індетінің қаупі сейіле бастады ма дегенде вирустың жаңа түрі пайда болғаны мәлім болды. Көпті үрейлендірген бұл қандай вирус? Ол қаншалықты қауіпті? Пандемиядан кейін енді-енді ес жия бастаған халықты тағы да түрлі шектеулер күтіп тұр ма? Алдағы ахуал қалай болмақ? Осы орайда мамандармен тілдесіп, көптің көкейіндегі сауалдарға жауап іздеп көрген едік. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы биыл тамыз айында әлемде коронавирус жұқтырғандар саны артқанын мәлімдеді. Яғни, шілде және тамыз айларында дертпен ауырғандар саны 63 пайызға күрт өскен екен. Індет негізінен Оңтүстік Корея, Италия, АҚШ, Ұлыбритания мен Аустралия және Сингапур елдерінде таралған. Мамандардың айтуынша, дертті жұқтыруға нақты екі себеп бар. Бірі – шет мемлекетте демалу, екіншісі – иммунитеттің әлсіреуі. Ал жаңа штамм ту­ралы қандай дерек бар? Дүниежүзілік ден­сау­лық сақтау ұйымы­ның мәлі­метінше, коронави­рустың жаңа штамы «Эрис» деп аталады. Вирус ақпан айында анықталып, әлемнің 51 елінен байқалған. Ви­рус­­тың таралуы әсіресе Үндістан мен Ұлыбритания­да белсенді көрінеді. «Омикрон­ның» жаңа штамы «Эристің» жарты жыл ішінде анықталу деңгейі 6,2 пайыздан 11,6 пайызға дейін өскендіктен ДДҰ жаңа штамды бақылауда ұстауда. Дегенмен ДДҰ-ның ма­мандары жаңа штамм қоғамға айтар­лық­­тай қауіп төндірмейті­­нін айта­ды. Шотландия­дағы «Эдинбург» университе­­тінің эпиде­миологы Роуланд Као штамның өзге вирус мута­ция­ларынан айыр­­машылығы бар еке­нін хабарлады. Бірақ эпиде­миолог қазіргі жағдай дәл 2021 жылғыдай күрделі емес екендігін жеткізді. Сондай-ақ Джон Хопкинс университетіндегі молекулярлық микро­био­­логия кафедра­сы­ның профессоры Эндрю Пекоштың айтуынша, жаңа штамның белгілері жедел респираторлық вирустық инфекциялардан немесе коронавирустың басқа нұс­қа­ларынан іс жүзінде еш айырмашылығы жоқ. Бас ауру мен мұрыннан су ағу, түшкіру және әлсіздік, тамақ ауруы мен буындардың ауруы сынды симптомдары бар көрінеді. Ал биыл тамыз айын­да Орталық комму­ни­ка­­циялар қызметі алаңында журналистердің сауалына жауап берген ҚР Денсаулық сақтау министр­лігі санитариялық-эпиде­­мио­­логиялық бақылау ко­­­ми­те­тінің төрағасы Айжан Есмағамбетова елімізде коронавирустың жаңа штамы тіркелмегенін жеткізді. Комитет төрағасы брифинг барысында Қазақ­станда коронавирустық инфек­ция бойынша жағ­дай тұрақты екенін де айтып өтті. Сондай-ақ өткен жылдың сәйкес кезеңі­мен салыстыр­ғанда сырқаттанушылық 36 есеге, ал биылғы шілдеде маусыммен салыстырғанда бір жарым есеге төменде­гендігіне тоқталды. Алайда қазан айында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың қатысуымен өткен брифингте корона­вирустың жаңа штамы елімізде тіркелгені мәлім болды. Соңғы генетикалық зерттеулер Қазақстанда «Эрис» штамының анық­талғанын көрсеткен. «Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылықтың тө­мен­деуі байқалса да, өткен айдың нәтиже­лері бойынша зерттеулер елге «Эрис» штамының келгенін көрсетті. Жалпы біз ай сайын КВИ-ге генетикалық талдау жүргіземіз. Бұл елде жаңа штамның барын және вирустың түрі өзгерген-өзгермегенін түсіну үшін қажет», деді А.Ғиният. Министр вирустың Қазақстанның барлық өңір­лерінде анықталғанын айтты. Осы орайда аймақтағы ахуалды білмек мақсатта облыстық санитарлық-эпи­демиологиялық бақылау департаменті басшы­сы­ның орынбасары Неили Муликоваға сауалымызды жолдаған едік. – Облыс тұрғындары арасында биыл 9 айда коро­навирус инфек­ция­­сының 277 жағдайы тір­келді. Коронавирус­­тық ин­­фек­цияға қарсы облыста қазіргі таңда «Синофарм» вакцинасы бар, – деген Неили Орынбасарқызы жаңа штамның облыста тір­келмегенін атап өтті. Жалпы ЖРВИ мен тұмау маусымының баста­луы коро­навирусты анықтауда қиын­дық туғызуда. Белгілері ұқсас болғанымен, емдеу тәсілдері мүлде бөлек. Осы орайда дәрігер-терапевт Виктория Еркебаева коро­навирустан сақтану және оны асқындырып алмау жолдарын айтып берді. Маманның пікірінше, дертке шалдыққан уақытта антибиотикті қолдану­дың өзіндік салдары бар екен. Яғни, антибиотик те, анти­коагулянт та корона­вирусқа қарсы профилак­тикалық шара ретінде қолда­нылмайды. Бұл пре­парат­тар тек емдеу кезінде және коронавирус салдарымен күрес үшін ғана тағайындалады. Мәселен, сырқат пневмонияға ұласқан кезде өкпенің тамырлары бітеліп, бактериялық флора­ның белсенді болуына бай­ланысты не жаңа бак­те­риялық флораның қосы­­луына байланысты өкпе қабынады. Коронавирус иммундық жүйені де әлсіретеді. Бөлмені желдетудің де өзіндік ережелері бар. Коронавирустан сақтану үшін жеке гигиена мен үй тазалығы қатаң талап етілген. Алайда, қысқы уақытта бөлмені желдету кезінде суық тигізу қаупі бар. Сондықтан желдеткен кезде тоңып қалмас үшін бөлмеден шыға тұру керек. Егер үйде коронавирус жұқтырған науқас оқшауланған болса, бұл бөлме міндетті түрде желдетілуі керек. Үшіншіден, науқас созылмалы аурумен сыр­қаттанған болса, бұл санат­тағы азаматтар корона­вирустан сақтану үшін міндетті түрде оқшаулануы тиіс. Өйткені коронавирус жұқтырып алса, созылмалы ауруы асқынып, емделу қиынға соғуы мүмкін. Сондықтан, мүмкіндігінше инфекция жұқтыру қаупі бар қоғамдық орындарға бармауы керек. Созылма­лы ауруы бар адамдарда корона­вирустың алғашқы белгісі пайда болса, дереу медицина қызметкеріне жүгінгені абзал. Дәрігер оны емдеудің әдістемесін айқындайды. – Айталық, коронавирус инфекциясы негізінен оны жұқтырған адамның өкпесін нысанаға алады. Адамның өкпесінде тромб түзілуі мүмкін. Осыдан кейін бактериялық флораның белсенділігі күшейіп, өкпе қабынады. Бұл жағдайда әдетте ЖРВИ мен тұмау барысында вирусқа қарсы иммунитетімізді күшей­тетін дәрілерді қабылдауға тыйым салынады. Олар бактериялардың бел­сен­ділігін одан әрі арттырып жіберуі ықтимал. Сондықтан дұрыс диагноз қоймайынша өздігімен емделуге бол­майды, – дейді маман. «Бірінші байлық – денсаулық» деп дана халқымыз тегіннен-тегін айтпаған. Сондықтан деннің саулығына назар аударайық. Коронавирустың алғашқы симптомдары байқалса, бірден дәрігерге қаралған жөн. Аяулым Жаманқара
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар