Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Рухани келісім күніне арналған спартакиада

Рухани келісім күніне арналған спартакиада
ашық дереккөз
Рухани келісім күніне арналған спартакиада
Тұрақтылықтың, елдің тұтастығын сақтаудың негізі -конфессияаралық және этносаралық келісім мен мызғымас бірлік, өзара түсіністік. Өңірдің діни бірлестіктерінің өкілдері үшін дәстүрге айналған спорттық іс-шараларды өткізу конфессияаралық қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді. Сол сияқты, 2023 жылғы 18 қазанда "Рухани келісім күнін"мерекелеу құрметіне "Тараз-Арена" спорт кешенінің базасында облыс әкімдігінің дін істері басқармасы түрлі спорт түрлері бойынша облыстың діни бірлестіктері арасынан командалардың қатысуымен спартакиада ұйымдастырып, өткізді. Спартакиаданы аша отырып, облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы С.Мыңбаев барлық қатысушыларды осы жарқын мерекемен құттықтады, сондай-ақ облыстың бас имамы Б. Мырзагелдиевке, Орыс Православие шіркеуінің өкілі В.Зайцевке және Рим-Католик шіркеуінің өкілі З.Бигдаға сөз берді. Олар біздің тәуелсіз мемлекетіміз үшін конфессияаралық диалог пен рухани келісімнің маңыздылығын атап өттіп, өзара іс-қимылын одан әрі нығайту ісіндегі  еліміздің саясатына қолдау білдірді. Ислам және христиан бағытындағы діни бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен күні бойы спорттық жарыстар келесі түрлерден өтті: кіші футбол, үстел теннисі, шахмат, гір тасын көтеру, жеңіл атлетика, арқан тарту. Төрешілер құрамымен санау нәтижелері бойынша қатысушы командалар арасында  және  спратакиаданың жеке қатысушылары арасында да жеңімпаздар анықталды. Спорттық ойындардың жеңімпаздары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар