Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛҒАН МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «РУХАНИ ҚАЗЫНА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬІНДЕ ОБЛЫС НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛҒАН МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «РУХАНИ ҚАЗЫНА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬІНДЕ ОБЛЫС НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ
ашық дереккөз
ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛҒАН МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «РУХАНИ ҚАЗЫНА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬІНДЕ ОБЛЫС НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ
Барлық дүниенің алтын алқасына айналған мәдениет саласындағы шығармашылық жетістіктер легі – ұлттың өсіп-өркендеуі жолындағы жетістік десек артық айтпағандығымыз. Сондықтан болар сала көрсеткіштерін жыл сайын жіпке тізіп, үздіктің үздігін анықтау дәстүрге айналған. Нақтырақ айтсақ, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің ұйымдастырумен жыл сайын мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына» республикалық фестивалі өтеді. Айта кетейік, бұл жоба - 2016 жылдан бері дәстүрлі өткізіліп жатқан бірден бір үлкен жобаның бірі. (Осы уақытқа дейін тек қана кітапхана мен музей саласы қатысып келген). 2019 жылдан бастап ережеге мәдениет үйлері бойынша номинациялар қосылған. Республика бойынша мәдениет және өнер саласы ұйымдарының шығармашылық жетістіктерін анықтауға негізделген фестивальде жамбылдықтар да жеңіс тұғырынан көрініп, бірнеше мәрте облыс мерейін асқақтатқан болатын. Мәселен, 2020 жылы Сарысу аудандық мәдениет үйінің «Айжан қыз » халықтық би ұжымының көркемдік жетекшісі Байтұрсынова Күләш Жангелдіқызы «Шара Жиенқұлова атындағы» арнайы жүлдеге ие болды. Ал 2022 жылы Сарысу аудандық мәдениет үйінің «Сарысу» халық театрының режиссері Серкебаев Нұрбол «Үздік аудандық (қалалық) мәдениет үйінің режиссері» номинациясымен марапатталып, 300 мың теңге сыйақыны қанжығасына байлады. Биыл да ауқымды додада жамбылдықтардың айы оңынан туатындығына сенім мол. Себебі, «Рухани қазына -2023» фестивалінің облыстық іріктеу кезеңі аясында атқарылып жатқан жұмыстар легі жоқ емес. Қыркүйек айында мәдениет үйлері мен клубтардағы әдіскерлерге, клуб меңгерушілеріне арналған шеберлік сағаты өткен болатын. Шеберлік сағатына барлық ауданнан 375 адам қатысып, әр номинация бойынша , іс –қағаздар мен өтінімдерінің дұрыс толтырылуы бойынша және 5 минуттық таныстырылымды қалай үнемдеп барлық ақпаратты толық жеткізудің қыр-сыры түсіндірілді. Бүгінгі күні, аталған фестиваль бойынша барлық ауданнан 70-ке жуық үміткер өтінім қалдырып, 30-ға жуық қатысушылар номинациялар бойынша қорғайды. Қатысушы үміткерлердің арасынан әр номинация бойынша 1 ғана кандидатураның ережеге сәйкес құжаттары, бейнероликтері, таныстырылымы, қатысушының сөз шеберлігі жағынан бағаланып республикаға ұсынылады. Осы мақсатта өңірде тұңғыш рет Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен 2023 жылдың 2 қараша күні «Рухани қазына -2023» фестивалінің облыстық іріктеу кезеңі оффлайн форматта әрі ауқымды деңгейде өткелі жатыр. Іріктеуден өткен 9 үміткерге 27 қараша күні Астанада өтетін мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына - 2023» республикалық фестиваліне жолдама беріледі. Нақтырақ айтсақ, «Үздік аудандық (қалалық) мәдениет үйі (сарайы), «Үздік ауылдық мәдениет үйі, (клубы)», «Аудандық (қалалық) мәдениет үйінің (сарайы) үздік қызметкері, «Ауылдық мәдениет үйі, клубының үздік қызметкері», «Үздік креативті ойын-сауық мәдени жобасы», «Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған үздік әлеуметтік-мәдени жобасы», «Мәдени-демалыс ұйымдарының үздік көркемдік жетекшісі», «Мәдени-демалыс ұйымдары арасында үздік режиссер», «Мәдени-демалыс ұйымдары арасында үздік ұжым» сынды 9 номинация бойынша үздік деп танылған қатысушылар республикада облыс намысын қорғамақ. Ендеше, баршаңызды 2 қараша күні Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені, Достық үйінде өтетін мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына -2023» фестивалінің облыстық іріктеу кезеңін тамашалауға шақырамыз! Үміткерлерге сәттілік тілейміз! Мөлдір ҚЫЗДАРБЕКОВА Облыстық халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы    
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар