
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ЕЛ БОЛАШАҒЫ
Ата-ана мен мектептің қарым- қатынасы – ұрпақ тәрбиесінің қайнар бұлағы. Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде. Мұғалім мен ата-ананың қарым- қатынасында негізгі рөлді педагог атқарады, өйткені тәрбие жұмысы – оның негізгі мамандығы. Мұғалім ата-аналармен жұмыс істей жүріп, балаға, оның қылықтарына, оқудағы табыстары мен көзқарасына, тағы басқаларға баға беріп отырады.
«Әділетті Қазақстан: адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» атты білім қызметкерлерінің тамыз кеңесінде Оқу- ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім беру ұйымдарында «Ұлттық тәрбие – ел болашағы» білім берудің тұжырымдамалық негіздері енгізіліп жатқанын атап өткен болатын.
– Министрлік оқушылармен, ата-аналармен және қоғаммен идеологиялық жұмысты жандандыруға бағытталған 2023-2025 жылдарға арналған Бірыңғай білім беру бағдарламасын әзірледі. Барлық білім беру ұйымдарында ата- аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары жұмыс істейтін болады. Олардың ең бірінші басымдығы – балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуін күшейту, бала тәрбиесінде оң мәдениетті дамыту,- деді министр.
Осыған орай бүгін Қаратау қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияда ата аналарды қолдау орталығы ашылды.
– Педагогикалық қолдау орталығының мақсаты – балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету. Негізгі міндеттің қатарында білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы балаларды тәрбиелеу және дамытудағы өзара іс-қимылды нығайту, отбасылық тәрбие процесінде балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша ата-аналардың уәждемесін арттыру қарастырылады. Бұл орталықтың жұмысына барлық ұстаздар қауымы мен ата-аналар белсенді қатысады деп сенемін.
Мектеп директоры Әсем Ибрашқызы мен ұстаздар қауымын осындай орталықтың ашылуымен құттықтаймын,- деп өз игі тілегімді жеткіздім.
Бұл орталықтың негізгі мақсаты: балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту.
Бұл жұмыстар оқу жылының соңына дейін жоспарға сай өткізілетін болады.
Мақсат Қазанғапов, Талас аудандық білім бөлімінің басшысы
Келесі мақала
Рухани келісім күніне арналған спартакиада
Ұқсас жаңалықтар
Руханият
Қонаев мұрасы: «Тарихтың төріндегі тұлға» атты ой талқы кеші өтті
- авторAR-AY
- 19 тамыз, 2025