Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ӘСКЕР – ӨМІР МЕКТЕБІ

ӘСКЕР – ӨМІР МЕКТЕБІ
ашық дереккөз
ӘСКЕР – ӨМІР МЕКТЕБІ
Республика күні мерекесі қарсаңында Тараз сервис және технология колледжінің студенттеріне арналған «Ашық есік» күні өтті. Студенттер Тараз қаласында орналасқан Бауыржан Момышұлы атындағы 5-механикаландырылған бригадаға барды. Мұнда жұмыс істейтін әскерилердің басты міндеті – егемен еліміздің тұтастығын және қоғамдық тәртіпті сақтау, жаппай тәртіпсіздіктерді жою. «Ашық есік» күнінде студенттер өз борышын абыроймен атқарып жатқан мамандардың жұмысымен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды. Студенттер назарына атыс қаруының үлгілері қойылған шағын көрме ұсынылып, техника паркіне экскурсия ұйымдастырылды. Әскери қызметкерлер жас өрендерге әскери бөлімнің тарихы, ондағы сарбаздардың міндеттері, күнделікті өмірдегі қызметі туралы ақпарат берді. Бригада командирі, подполковник Жаныбек Құранбеков әскер туралы қызықты ақпаратқа қанығу және жеке танысу жастар үшін әскери сала қызметін ұғынудың ең жақсы жолы деп санайды. – Әскери бөлімдегі «Ашық есік» күні балалардың осы тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттырып, Отанды сүюге, елін, жерін қорғауға, азаматтық борышын өтеуге деген ынталарын арттырады. Болашақ жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында «Ашық есік» күні іс-шарасын өткізіп жатырмыз. Осыған орай біз күнделікті қандай қызметтер атқаратынымызды, техника түрлері мен олардың ұрыс жағдайындағы әлеуетін әңгімелейтін боламыз, – дейді Ж.Құранбеков. Экскурсияға колледж студенттерімен қатар Қарулы Күштердің ардагерлері де шақырылды. Ардагерлер қауымы әскери қызметшілермен тұрақты байланыста және осындай маңызы бар іс-шаралардан қалмауға тырысады. Олар ұрпақтар сабақтастығы және тәжірибе алмасу арқылы жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге болатынын айтады. Запастағы подполковник Рамиль Тартыков осындай экскурсиялардың арқасында, әсіресе Республика күні сияқты ел үшін маңызды мерекелер қарсаңында бұл жігіттер лайықты әскери-патриоттық тәрбие алатынын атап өтті. Сонымен қатар әскери ардагерлердің жас ұрпақтың нағыз ұлтын сүйер азамат болып өсетініне және әскери салаға тән мамандықты құрметтейтініне сенім білдірді. Ардагерлер мен студенттер ғана емес, оқу орнының басшылығы да әскери бөлімге экскурсияға шақырғандарына ризашылықтарын білдірді. – Жауынгерлер өскелең ұрпақты әскери бөлімге қонаққа шақырып, пайдалы әрі қажетті жұмыстар атқаруда. Өйткені, олар болашақта туған елінің қауіпсіздігін күзетіп, егемендігін қорғауы керек, – дейді Тараз сервис және технология колледжінің директоры Айдархан Биназаров. Аталмыш оқу орнының студенттері үшін әскери базадағы «Ашық есік» күні жаңа әсерге толы болды. Әскери бөлімге алғаш рет келген ұлдар мен қыздар көп нәрсеге қанықты. Бақылау-өткізу пункті мен шеру алаңына барды. Әсіресе қару-жарақтардың шағын көрмесі жасөспірімдердің үлкен қызығушылығын тудырды. Түрлі модификациядағы Калашников автоматтары, танкке қарсы қол гранатометтері және басқа да қарулар балаларды ерекше қызықтырды. – «Ашық есік» күндерін өткізу, әскери бөлімдердің қызметі туралы ақпараттандыру тұрғысынан азаматтық қоғамға барынша ашық болуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті бөлімше бастығы Арман Сабыров. Мұндай экскурсияларды көптеп өткізу өскелең ұрпақты отансүйгіштік пен әскери мамандықты құрметтеу рухында тәрбиелеуге септігін тигізеді. Ақтоты ЖАҢАБАЙ  
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар