Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«ЖАС ҰЛАННЫҢ» ЖЕТІСТІГІ

«ЖАС ҰЛАННЫҢ» ЖЕТІСТІГІ
ашық дереккөз
«ЖАС ҰЛАННЫҢ» ЖЕТІСТІГІ
Тараз қаласында Республика күні мерекесі қарсаңында «Жас Ұлан» патриоттық ұйымының қатары толықты. Нақты айтқанда, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы штабының аумағында «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер патриоттық ұйымына балаларды салтанатты қабылдау рәсімі өтті. Мерекелік іс-шарада қолбасшылық бөлімшесінің офицерлері жас сарбаздардың мойнына Мемлекеттік Тудың түсіне ұқсас галстуктер тақты. Тараз қаласындағы №13 орта мектептің оқушылары мен ұстаздары «Жас Ұлан» патриоттық балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына ең белсенді әрі лайықты оқушылардың қосылуы үшін осынау маңызды мемлекеттік мереке – Республика күнін арнайы күткен екен. Мектеп оқушылары өздеріне үлкен сенім білдірген «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы штабының офицерлерінің алдында Отанға адал болуға ант берді. Осылайша, ұлттық мерекенің өзі де, әскери-патриоттық қозғалысқа қосылу сәті де балалардың есінде мектеп жылдарындағы ең жарқын оқиғалардың бірі ретінде сақталары сөзсіз. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы тәрбие және идеологиялық жұмыс басқармасының офицері, полковник Айбек Жүсіпов Республика күні қарсаңында «Жас Ұлан» қатарына қосылу идеялық тұрғыдан дұрыс шешім екенін айтады. «Жас Ұлан» патриоттық ұйымы қатарына алынған оқушылардың қуанышы штаб аумағын аралағанда еселене түсті. Балалар «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының құрылу тарихы таныстырылған әскери даңқ залында болып, ашық аспан астындағы мұражайдағы қару-жарақ пен әскери техника үлгілерін тамашалады. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының тәрбие және идеологиялық жұмыс бөлімінің офицері, подполковник Эльмира Жұмашова жарқын эмоцияларға толы осы сәттерді мектеп оқушылары үшін ерлік тағылымы деп есептейді. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеуге үлкен мән береді. Сондықтан «Жас Ұлан» қатарына қосылу сияқты маңызды оқиғаның Республика күні қарсаңында өтуі бекер емес. Осындай іс-шаралардың нәтижесінде жас азаматтардың бойында Отанға, ел өңірінде орын алып жатқан маңызды оқиғаларға, әскерге, әскери қызметке деген сүйіспеншілік пен құрмет қалыптасары анық. Ақтоты ЖАҢАБАЙ
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар