Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ҚАРУЛЫ КҮШТЕР – БЕРІК ҚОРҒАНЫМЫЗ

ҚАРУЛЫ КҮШТЕР – БЕРІК ҚОРҒАНЫМЫЗ
ашық дереккөз
ҚАРУЛЫ КҮШТЕР – БЕРІК ҚОРҒАНЫМЫЗ
Қайта жаңғырған Республика күні биыл елімізде екінші жыл тойланып жатыр. Елдікке бастаған ерекше күн бір кездері мерекелер қатарынан алынып тасталғанымен, былтыр Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаевтың бұл датаның тарихи рөлін айқындап берді. Е л і м і зд е ата л м ы ш м е р е к е ге орай өтіп жатқан іс-шаралар легі көп. Олардың қатарында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінде де Республика күніне арналған салтанатты жиындар өтуде. Отан қорғаушылар ұлттық және мемлекеттік мерекелерді қашан да қастерлейді. Алдыңғы буыннан келе жатқан әскери дәстүрлерді сақтап, маңызы бар мемлекеттік мерекелерде салтанатты іс-шараларды өткізіп тұрады. Осы жолы да әскери қызметкерлер Республика күнін тойлауға зор жауапкершілікпен қарады. Елдікке бастаған ұлттық мереке қарсаңында өткен салтанатты жиында орындалған әскери оркестрдің марштары іс-шараға ерекше сән берді. Дәл осындай салтанатты жиын Бауыржан Момышұлы атындағы 5-механикаландырылған бригадада да ұйымдастырылды. Бұл бригаданың әскери қызметшілері таяуда ғана полигондағы оқу-жаттығудан оралып, бірден қорытынды тексеруге кіріскен. Әскери қызметшілер барлық әскери пәндер бойынша сынақтарды сәтті тапсыруға бар күш-жігерін салды. Жүктелген міндетті мүлтіксіз орындаған сарбаздар мерекені тамаша жауынгерлік көңіл күймен қарсы алды. Жастардың патриоттық сезімін нығайтуға бағытталған жиынға колледж студенттері де арнайы қатысты. С а л т а н ат т ы і с - ш а р а Қ а з а қ с т а н Ре с п у бл и к а с ы н ы ң М е м л е к ет т і к Туының көтерілуімен және Әнұранның орындалуымен ашылды. Елдік пен теңдіктің белгісіндей Әнұран мен көк байрағымыз көкте қалықтады. П ат р и от т ы қ ж и ы н ғ а к у ә б ол ғ а н студенттер Әнұранды қосыла шырқап, көңілі шалқыды. Ұйымдастырушылар ұлттық мерекенің мәнін ұрпақ бойына сіңіруге ниетті екенін айтты. Мерекелік кешке жиналған жастардың алдында 5-механикаландырылған бригаданың штаб бастығы, подполковник Арман Сабыров пен облыстық Қазақстан Ре с п у бл и к а с ы Қ а р ул ы К ү ш т е р і ардагерлері кеңесінің төрағасы Рамиль Тартыков құттықтау сөз сөйледі. Олар 25 қазан неліктен Қазақстан тарихындағы ең маңызды күн екенін түсіндіре отырып, Республика күнін тойлаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ жеке құрамды мерекемен құттықтап, марапаттар тапсырды. Іс-шара әскери қызметкерлердің патриоттық сезімін нығайтып, Қазақстан армиясының оң имиджін қалыптастыруға бағытталған. Елімізде қазақстандық патриотизмді, азаматтықты, Мемлекеттік Рәміздерге деген құрметті нығайтудың тиімді жүйесі жасалған. Отанға деген сүйіспеншілік, еліне қызмет етуге деген құштарлық қазақстандықтардың бойында жастайынан қалыптасады. – Жастар – біздің болашағымыз. Бүгінгі колледж студенттері – қазақ әскерінің қатарына қосылатын қорғаушылардың жаңа буыны. Жасөспірімдер мен жас жігіттерді даңқты әскери дәстүрге тәрбиелеу арқылы біз Отанға адал қызмет ететін болашақ сарбаздар мен офицерлерді дайындай аламыз, – деді Рамиль Тартыков. Дәл осындай салтанатты жиындар Қазақстан армиясының барлық әскери бөлімдерінде өтуде. Өйткені маңызды ұлттық мереке – Республика күнін мерекелеу міндетті түрде ресми ісшаралармен қатар жүреді. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Мереке Кучекбаев та бұл күн – дербестіктің, егемендіктің символы екенін атап өтті. – Республика күні – ұлтымыздың еңсесін көтеріп, рухын асқақтатқан ең құнды мереке. Ата-бабаларымыз ұлт тағдыры үшін, азаттық үшін аянбай күресті. Осы бір қастерлі құндылыққа ұмтылу, күресу – тәуелсіздігіміздің тарихи бастауы болып, 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміз тәуелсіздік алуға алғашқы қадамын жасады. Иен даланы еркін жайлаған бабаларымыздың аңсауы, бүгінгі Алаш ұрпағының арманы орындалды. К о н с т и т у ц и я м ы з қ а б ы л д а н ы п , Мемлекеттік Туымыз бен Елтаңбамыз бекітілді. Шекарамыз айқындалып, Қарулы Күштердің қорғаныс қабілеті нығайды. Ел әскері мемлекеттің егемендігі мен аумақтың тұтастығын қамтамасыз етіп қана қоймай, заманауи, жоғары жарақтандырылған және ұтқыр әскерге айналды. Еліміз тыныш болса, береке мен бірлік орнайды, – дейді М.Кучекбаев. Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айқындалды. Конституциялық құрылысқа қарсы жасалатын кез келген күштеу әрекеттері, оның аумағының тұтастығын бұзуға шақыратын, ұлт араздығын қоздыратын жария-ұрандардың заң бойынша жазаланатыны ескертілді. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды. Мемлекеттiктiң осы принциптерiн кез келген сәтте қорғау үшiн жоғары жауынгерлiк әзiрлiктi қамтамасыз ету керек. Ал «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлері армияның қорғаныс қабілетін нығайтуға және мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қосуда. Ре с п у бл и к а к ү н і н м а ң ы з д ы мемлекеттік мереке ретінде тойлай отырып, әскери қызметкерлер де еліміздің барша азаматтары сияқты Қазақстан Республикасы халқының бірлігі, елдегі бейбітшілік пен тыныштық сияқты ұғымдардың маңызына үлкен мән береді. Осы құндылықтар мызғымас үшін Қарулы Күштер жауынгерлік әзірлікті жоғары деңгейде ұстау бойынша қажетті жұмыстарды атқаруда. Бұл мақсатта сарбаздардың, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен офицерлердің жауынгерлік даярлығы жоспарлы түрде жүргізіліп, полигондарда түрлі командалық-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілуде. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, полковник Ораз Кучуковтың айтуынша, Республика күнін мерекелеу аясында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлері мектептерде ерлік сабақтарын өткізген. – М ұ н д а й с а б а қ т а р б і з д і ң қолбасшылықтың Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстары, республикалық маңызы бар Шымкент қаласы және облыс орталығы Тараз қаласы кіретін барлық гарнизондарда өтті. Сонымен қатар, әскери бөлімдерде мектеп және колледж студенттері үшін түрлі «ашық есік» күндері ұйымдастырылуда. Балалар әскери бөлімдерді аралап, олардың қызмет ету жағдайларымен танысады. Мұндай патриоттық сабақтардың ел ертеңін ойлаған жастар үшін маңыздылығы жоғары, – дейді О.Кучуков. Өскелең ұрпақпен тығыз байланыста болған әскери қызметкерлер осылайша жастарды әскери-патриоттық тұрғыда тәрбиелеуде. Балаларды Отанға деген сүйіспеншілікке, әскери қызметшілер мамандығына құрметпен қарауға баулуда. Сөз соңында айтарымыз, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің кезекші жасақтары барлық жауынгерлер сияқты мереке күндері өздеріне тиесілі аумақта кезекшілігін жалғастырады. Олар демалмайды, елдің тыныштығы үшін қызмет етеді. Өйткені Отанды қорғау жауынгерлік әзірлікті талап ететін үздіксіз үдеріс. Дина МУХАРИНОВА, ҚР Қорғаныс министрлігі Медиа-контент орталығы Тараз гарнизонының баспасөз қызметінің жетекшісі
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар