Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

МОЙЫНҚҰМ—МОЛШЫЛЫҚ МЕКЕНІ

МОЙЫНҚҰМ—МОЛШЫЛЫҚ МЕКЕНІ
ашық дереккөз
МОЙЫНҚҰМ—МОЛШЫЛЫҚ МЕКЕНІ
Кейінгі жылдардың бедерінде елімізде саяси-экономикалық бағыттағы жаңа реформалар жүзеге асырылып, аз уақыттың өзінде оң нәтижесін көрсетуде. Жалпыхалықтық референдумның нәтижесінде Конституцияға өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі тарихи бетбұрыс болды. Әділетті қоғам қалыптастыру тұрғысында батыл бастамалар қолға алынуда. Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық сессиясында сөйлеген сөзінде де еліміздің алдында тұрған ауқымды міндеттерге тоқталды. «Ел ішінде әділдік, заң үстемдігі, теңдік және әділ сот төрелігі қағидаттарын енгізу үшін реформа жүргізуге бағытталған тиісті шараларды қолға аламыз. Заң мен тәртіпке негізделген менің ұстанымым – айқын. Бұл – «Жаңа Әділетті Қазақстанды» құрудың берік негізі. Қысқа уақыт ішінде біз саяси институттарды реформалап, Президенттің өкілеттігін шектедік. Конституцияға өзгерістер енгізіп, саяси және экономикалық жүйені қайта жаңғырттық. Сыбайлас жемқорлықпен күресіп жатырмыз. Сондықтан қазіргі Қазақстанның осыдан екі жыл бұрынғы Қазақстанмен салыстырғанда едәуір айырмашылығы бар. Қолданыстағы жүйені өзгертуді көздейтін біздің жолымыз әлі біткен жоқ. Біз саяси реформалар мен адами капиталға инвестиция құю ортақ табыстың «қақпанынан» қ ұ т қ а р ы п , э к о н о м и к а м ы зд ы мейлінше тұрақты ететінін жақсы түсінеміз. Айтулы өзгерістерден өткенімізбен, әлі де көп нәрсе істеуіміз керек. Алайда біз өзіміз таңдаған жолды абыроймен жүріп өту үшін барлық сын-қатерге дайын болу керектігін де білеміз. Әрі біз бұған дайынбыз» деді Президент. Мемлекет тарапынан жүзеге а с ы п ж а т қ а н ж ұ м ы с т а р д ы ң нәтижесін Мойынқұм өңірінің жұртшылығы да айқын сезінуде. Биылғы 8 айда аудан экономикасы 8,8 пайызға өсіп отыр. Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі өткен жылдың тиісті кезеңінен 2,6 миллиард теңгеге артып, 68,7 миллиард теңгені құрады. Нәтижесінде нақты көлем индексі 104,4 пайызға орындалды. Есепті кезеңде ауданда 1,4 тонна алтын, 263 келі күміс, 1 миллион тонна цемент, 774 мың тонна әктас, 18,4 мың текше метр гранит, 442 тонна балық және өзге де өнімдер өндірілді. Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі ағымдағы жылдың қорытындысымен 96,3 миллиард теңгені, нақты көлем индексі 101,5 пайызды құрайды деп күтілуде. 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 17,4 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,8 миллиард теңгеге артты. Нақты көлем индексі 106,8 пайызды құрады. Инвестициялардың жалпы көлеміндегі бюджеттік қаражаттардың үлесі 17,6 пайызды, меншікті қаражаттар 33,6 пайызды, басқа да қарызға алынған қаражаттар 48,8 пайызды көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі жыл соңына дейін 25,3 миллиард теңгені, нақты көлем индексі 102,5 пайызды құрайтын болады. Биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында бөлшек сауда айналымы 2,3 миллиард теңгені құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 335 миллион теңгеге артып отыр. 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында барлығы 2818 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелді. Оның ішінде 2394 бизнес құрылымы жұмыс істеп тұр. Жіктеп айтар болсақ, 82 заңды тұлға, 1410 дара кәсіпкер және 902 шаруа қожалық табыс тайқазанын тасытуда. Биылғы қаңтар-тамыз айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 11,9 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4 миллиард теңгеге артып, нақты көлем индексі 148,3 пайызға орындалғанын атап өткім келеді. Жалпы, биыл құрылыс жұмыстарының көлемі ағымдағы жылдың қорытындысымен 18,6 миллиард теңгені құрайды деген болжамымыз бар. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 2023 жылғы қаңтар-тамыз айларында 2617 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,7 пайызға артса, жыл қорытындысымен 6700 шаршы метр болады деп күтілуде. Бүгінде аудан бойынша 24 ауылдық елді мекеннің 19-ы немесе 79,2 пайызы орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін тағы 2 елді мекен орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылады. Атап айтқанда, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жобалық құны 1 миллиард 461,3 миллион теңге болатын Ақсүйек ауылын ауызсумен жабдықтау және су тарату жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Жоба 2022 жылдан өтпелі. Нысан биыл пайдалануға берілетін болады. Сонымен қатар жобалық құны 423,7 миллион теңгені құрайтын Көкжелек ауылының магистральдық және сумен жабдықтау желілерінің құрылысы жүргізілді. Бұл жоба да былтыр бастау алған болатын. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Нысанды қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осындай оң істердің нәтижесінде елді мекендерді ауызсумен қамту көрсеткіші 87,5 пайызға артатын болады. Биыл сондай-ақ Хантау ауылын ауызсумен жабдықтау және су тарату құрылысына бюджеттен 533,5 миллион теңге қаржы қаралды. Қазіргі уақытта жобаның жеңімпазы анықталып, келісімшарттар әзірленуде. Жоба келесі жылға өтпелі. Сонымен қатар Мойынқұм ауылының су құбырларының ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджет есебінен 20,6 миллион теңге бөлінді. Аталған қаржыға ауыл ішіндегі құбырлардың жарылған жерлері жөнделіп, қосалқы бөлшектер сатып алынады. Қалған елді мекендер облыстың 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес ауызсумен қамтылады. Ақбақай ауылында магистральдық және сумен жабдықтау желілерінің құрылысы, Бурылбайтал ауылында ауызсуды тазарт уға арналған к ешенді блок-модуль орнату жұмыстары 2024 жылға және Қашқантеңіз стансасында ауызсумен жабдықтау жүйесінің құрылысы 2025 жылға жоспарланып отыр. Көгілдір отын жайы да көптен бері көтеріліп келе жатқан мәселе. Мойынқұм ауданының Айдарлы, Бірлік, Биназар елді мекендерін газдандырудың бірінші кезеңі бойынша 67,5 шақырымды құрайтын газбен жабдықтау жүйесі құрылысының жобасы республикалық бюджетке өтінім ұсынылды. Орындалуы облыстың даму жоспарында 2024-2026 жылдарға белгіленген. Сондай-ақ Мойынқұм ауданының А й д а рл ы , Б і рл і к , Б и н а з а р , А.Назарбеков, Көкжелек, Күшаман, Жамбыл, Мойынқұм, Қылышбай, Хантау, Құмөзек, Қарабөгет, Сарыөзек елді мекендерін газ құбырлары мен газ тарату желілері құрылысы жобаларына жобалықсметалық құжаттар әзірлену үстінде. Ал ауылішілік жолдарды жарықтандыру және күтіп-ұстауға аудан бюджетінен 117,2 миллион теңге қаралды. Сонымен қатар Мыңарал ауылында тозған және өткізу қабілеті жеткіліксіз электр желілерін жаңғырту үшін жобалық-сметалық құжат әзірлеуге барлығы 13,4 миллион теңге қаржы қаралды. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжат мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алып, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғынүй коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды. Экономиканы дамытуда жолдардың сапасын жақсартудың маңызы зор. Биыл автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп-ұстау жұмыстарына барлық бюджет көздерінен 725,1 миллион теңге бөлінді. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында республикалық бюджет есебінен 409,6 миллион теңге, облыстық бюджеттен 78,0 миллион теңге, аудандық бюджеттен 237,5 миллион теңге қарастырылды. Аталған қаржыларға Көкжелек ауылына кіреберіс аудандық мәндегі 4,7 шақырымды құрайтын автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстары жүруде. Жоба 2024 жылы да жалғасады. Бұдан бөлек Мойынқұм, Биназар, Шығанақ, Қарабөгет, Хантау және Қылышбай ауылдарындағы көше жолдарын орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Сондайақ аудандық маңызы бар жолдарды күтіп-ұстау жұмыстары жүргізілуде. Жолаушылар тасымалы да назардан тыс қалмайды. Жалпы, әлеуметтік маңызы бар 4 ауданішілік маршрутқа биыл 125,3 миллион теңге субсидия қарастырылды. Субсидия көлемі өткен жылмен салыстырғанда 37,2 пайызға артты. Соның нәтижесінде «Мойынқұм ауылы – Автобекет-Орталық аурухана-Омаров көшесінің соңы», «Мойынқұм ауылы – Жамбыл ауылы», «Мойынқұм ауылы – Қылышбай ауылы», «Мойынқұм ауылы – Құмөзек -Қарабөгет Сарыөзек-Ұланбел ауылдары» бағыттары бойынша қоғамдық көліктер тұрақты қатынауда. Мойынқұм өңірін агроөнеркәсіп кешенінсіз көзге елестету әсте мүмкін емес. Ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 4,6 миллиард теңгені құрап, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 3,2 пайызға артты. Айта кету керек, саладағы өсім көрсеткіші толығымен малшаруашылығы өнімдерінің артуы есебінен қамтамасыз етілді. Аймақта мүйізді ірі қара – 62 987, қой және ешкі саны – 190 490, жылқы саны 12 837 басты құрап, төрт түлік саны едәуір өсіп отыр. Биыл 5749,0 гектар алқапқа ауылшаруашылығы дақылдары отырғызылды. Оның ішінде жаздық арпа – 265 мың, дәндік жүгері – 1421 мың, тары – 420 мың, күнбағыс – 12 мың, картоп – 133 мың, көкөніс – 206 мың, бақша дақылдары – 204 мың, жоңышқа 3088 мың гектарға егілді. Суармалы егістік алқаптарына ағын су жеткізу мақсатында аудан бюджетінен 125,7 миллион теңге қаражат бөлінді. Соған сәйкес механикалық тазалау, байлау жұмыстары атқарылып, шлюздер және гидроқондырғылар құрылысы жүзеге асты. Бұл жұмыстар аудандағы егіншаруашылығын дамытуға бағытталған. Осы тірліктердің нәтижесінде ауданның ауылшаруашылығының жалпы өнімдерінің көлемі жыл қорытындысымен 8,3 миллиард теңгені, нақты көлем индексі 101,2 пайызды құрайды деп күтілуде. Қазіргі таңда ауылшаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мәселесіне жіті көңіл бөлінуде. Аудан бойынша ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы көлемі 724 993 гектарды құрап отыр. Оның ішінде суармалы егістік – 6081 гектар, шабындық – 24 056 гектар, жайылымдық – 661 040 гектар, бөгде жерлер 33 816 гектар шамасында. Биыл аудан бойынша жалпы алаңы 21 143 гектарды құрайтын пайдаланылмай жатқан жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды Оның ішінде 135 мың гектар суармалы егістік, 20470 мың гектар жайылымдық, 538 мың гектар шабындық. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді. Еселі еңбек кім-кімнің де еңсесін тіктеп, ертеңге деген сенімін нығайтады. Әлеуметтің әлеуетін арттыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету, жаңа бизнес-идеяларды қолдау бағытында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның тигізіп жатқан көмегі көп. Аталған жобаның бірінші бағыты бойынша биыл қысқамерзімді кәсіптік оқытуға 15 азаматқа жергілікті бюджеттен 3,4 миллион теңге бөлінді. Соған сәйкес Мыңарал ауылындағы балық зауытына балық шаруашылығы оқуына қыркүйек айынан бастап жолдама берілді. Ұлттық жобаның екінші бағыты аясында ауданда кәсіпкерлік негіздеріне 175 азаматты оқыту жоспарланған болатын. Бүгінге дейін 110 азамат бизнес әліппесін ашып, білімін шыңдады. Биыл қайтарымсыз грант бойынша 25 азаматқа 34,5 миллион теңге қарастырылған. Қазіргі уақытқа 9 үміткердің бизнес жобалары қорғалып, 12,4 миллион теңге жеке шоттарына аударылды. Ұлттық жобаның үшінші бағыты бойынша да үлкен істер атқарылуда. Биылғы қаңтар-тамыз айларында 1577 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Жыл қорытындысымен 1906 адам жоба жемісін көретін болады. 2023 жылға 904 тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Қазіргі таңда 612 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына бюджеттен 20 миллион теңге қаралып, 60 жұмыссызды жұмыспен қамту көзделген болатын. Қазіргі таңда 75 адам әлеуметтік жұмыс орнына жолданды. «Жастар тәжірибесіне» бюджеттен 108,6 миллион теңге қаржы қаралып, 90 жасты тарту жоспарланып отыр. Жыл басынан бастап 59 жас азамат жұмысқа жолданды. Ал қоғамдық жұмысқа бюджеттен 450 миллион теңге қаржы қаралып, 450 қолы бос адамды жұмысқа тарту жоспарланған. Жыл басынан бері 547 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. Ұлттық жоба шеңберінде «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасына 29,8 миллион теңге қаражат бөлінді. Бағдарлама аясында 29 жасқа дейінгі 18 азаматпен үш жақты келісімшарт жасалды. Бұдан бөлек «Ұрпақтар келісімі» бағдарламасына 2 жұмыссыз азаматқа 1,2 миллион теңге қаралып, қазіргі уақытта 2 тұрғын жолдама алды.Сонымен қатар «Күміс жас» бағдарламасына зейнет жасына таяған 24 азаматқа 15,4 миллион теңге қаражат бөлініп, игерілуде. 2023 жылы бір жолғы әлеуметтік көмекке бюджеттен барлығы 44,7 миллион теңге қаралды. Мереке күндеріне орай 57 соғыс және еңбек ардагеріне 6 миллион теңге төленді. Туберкулезбен және қатерлі ісік ауруына шалдыққан 55 тұрғынға 6,4 миллион теңге берілді. Сол сияқты пробация қызметінің есебінде тұрған 7 адамға 306 мың теңге әлеуметтік көмек көрсетілді. Отын сатып алуға 2 мыңнан астам әлеуметтік сала мамандарына жалпы сомасы 40 миллион теңге әлеуметтік көмек ұсынылды. Биыл атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеуге 123,5 миллион теңге қаралды. Жыл басынан бері 78 отбасының 429 мүшесіне 22,6 миллион теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, толығымен төленді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қажетті арнайы оңалту құралдарымен қамтамасыз етуге бюджеттен 61 миллион теңге қаралды. Жыл басынан бері 209 мүмкіндігі шектеулі азамат техникалық оңалту құралдарымен қамтылды. Сондай-ақ үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге бюджеттен 14 миллион теңге қаралып, жыл басынан бері мүгедектігі бар 38 адамға қызмет көрсетілуде. Сонымен қатар тірек-қимылы бұзылған және психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға сыйымдылығы 15 төсектік шағын үй жұмысын жандандырды. Оған аудандық бюджеттен биыл 30,5 миллион теңге бөлініп, 11 балаға қызмет көрсетілуде. Бұдан бөлек инватакси қызметін көрсету үшін жергілікті бюджеттен 10,5 миллион теңге қаралып, 38 азаматтың сұранысын қанағаттандыруда. Жыл басынан бері 37 мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, жұмысқа орналасты. Ауданда адами капиталды дамыту ісіне айрықша басымдық берілуде. Бұл тұрғыда білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда ауданда 45 білім беру ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде 21 орта мектеп, 2 негізгі мектеп, 1 бастауыш мектеп, 15 балабақша, 5 мектептен тыс мекемелер, 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті бар. Білім бөліміне қарасты 15 балабақша, 7 мектеп жанындағы шағын орталықтарда 1282 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 1-6 жас аралығында 98,3 пайыз болса, 3-6 жас аралығында 100 пайызды құрап отыр. Биылғы жаңа оқу жылында ауданның 24 мектебінде 5624 оқушы білім алуда. 1-сыныпқа 576 оқушы қабылданды. Жаңа оқу жылынан бастап 1-4 сыныпта оқитын барлығы 2186 оқушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуда. Сондай-ақ «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер көмегімен 90 оқушыға барлығы 2,6 миллион теңгенің мектеп формасы мен құралжабдықтары табысталды. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары және үздік оқушылар жазғы демалыста Қордай ауылындағы «Балауса» лагерінде демалып қайтты. Бұл шараға бюджеттен 7,7 миллион теңге қаралып, 183 оқушы қамтылды. Мектептердің материалдықтехникалық базасы да жылданжылға жақсарып келеді. Былтыр Ұланбел ауылындағы М.Әуезов орта мектебіне, Мойынқұм ауылындағы Т.Рысқұлов тірек мектебіне күрделі жөндеу жүргізілсе, биыл Айдарлы ауылындағы №2, Бірлік ауылындағы Қ.Рысқұлбеков орта мектептері қайта жаңғырды. Алдағы жылы Мыңарал ауылында 120 орындық және Қарабөгет ауылында 80 орындық жаңа мектеп ғимараты бой көтеретін болады. Сондайақ Ақбақай ауылындағы Ақбақай орта мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Денсаулық сақтау саласына келсек, ауданда халыққа 25 медициналық нысан қызмет көрсетеді. Оның ішінде аудандық аурухана мен емханадан бөлек 8 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлікакушерлік тірек, 10 мединицалық тірек бар. Биыл Қарабөгет ауылында медициналық тірек ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына 12,9 миллион теңге бөлініп, игерілді. Сарыөзек ауылында медициналық тірек ғимараты құрылысына жобалық-сметалық құжат әзірленді. Құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталады. Бұдан бөлек аудандық орталық аурухананың ауызсу, кәріз, жылу, электр жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құны 330 миллион теңгені құраған жоба алдағы жылы да жалғасын табатын болады. Мәдениет саласында да ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар бар. Ауданда 39 мәдени ошақ халыққа қызмет көрсетуде. Жыл басынан 364 мәдени-көпшілік іс-шара өткізіліп, 37 684 көрермен қамтылды. Биыл аудан орталығындағы Қ.Рысқұлбеков саябағын абаттандыруға 21,2 миллион теңге қаржы қаралды. Жоба 2022 жылдан өтпелі болатын. Жалпы жоба құны 30,2 миллион теңгені құрайды. Сондай-ақ Айдарлы ауылына 90 орындық клуб пен кітапхана құрылысына жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылды. Жоба облыстың және ауданның даму жоспарларына сәйкес 2024-2025 жылдары кезең-кезеңімен іске асырылады. Ұлт саулығын нығайту жолында денешынықтыру және спорт саласын дамытудың маңызы зор. Бүгінде ауданда 143 спорт нысаны бар. Атап айтқанда, 3 спорт кешені, 1 орталық стадион, 32 спортзал және 107 спорт алаңы мен алаңша тиімді пайдаланылуда. Жалпы 12 432 тұрғын немесе аудан халқының 43,4 пайызы спортпен жүйелі түрде шұғылданады. №23 аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 8 үйірме жұмыс істеп тұр. Онда 776 бала жаттығуда. Жалпы, жыл басынан 97 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 7372 адам қатысты. Былтыр «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Айдарлы ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру спорт кешенінің құрылысы басталған болатын. Жобалық құны 359,2 миллион теңгені құрайтын жаңа нысан жақын күндері есігін айқара ашады. О с ы ж ы л ы А қ ба қ а й ж ә н е Сарыөзек ауылдарында кіші футбол алаңшалары орнатылды. Сонымен қатар жыл соңына дейін А.Назарбеков ауылына заманауи спорт алаңшасы орнатылатын болады. Бұл мақсатқа 22,2 миллион теңге қаралды. Сондай-ақ демеушілер есебінен Ұланбел және Мыңарал ауылдарында заманауи спорт алаңшалары пайдалануға берілді. Алдағы жылы Қияқты ауылында заманауи спорт алаңшасы салынбақ. Егемен еліміздің ертеңі жалынды жастардың қолында. Бүгінде ауданда 14 пен 35 жас аралығында 8266 жас бар. Яғни, жастар жалпы аудан халқының 28,8 пайызын құрап отыр. Қолдағы мәліметке сүйенсек, 26 жас жұмыссыздар есебінде тіркелген. NEET санатындағы жастар саны 77 адамды құрап отыр. Жастарды жұмыспен қамту бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, мемлекет тарапынан қолға алынған бағдарламалар мен жобалардың тиімділігі туралы ақпараттар берілуде. Биыл «Жасыл ел» бағдарламасына 100 жас азамат тартылып, нәтижесінде 10 мың шаршы метр аумақ тазаланып, 11,2 тонна күлқоқыс шығарылды. Есепті кезеңде 68 қылмыс тіркеліп, ашылуы 77,8 пайызды құрады. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жалпы қылмыс саны 18-ге азайды. Мойынқұм өңірінің әлеуметтікэкономикалық дамуын қамтамасыз ету, аудан тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту, тиімді инвестициялық климат қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жалғасын таба бермек. МОЛШЫЛЫҚ МЕКЕНІ Кейінгі жылдардың бедерінде елімізде саяси-экономикалық бағыттағы жаңа реформалар жүзеге асырылып, аз уақыттың өзінде оң нәтижесін көрсетуде. Жалпыхалықтық референдумның нәтижесінде Конституцияға өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі тарихи бетбұрыс болды. Әділетті қоғам қалыптастыру тұрғысында батыл бастамалар қолға алынуда. Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық сессиясында сөйлеген сөзінде де еліміздің алдында тұрған ауқымды міндеттерге тоқталды. Әлихан БАЛҚЫБЕКОВ, Мойынқұм ауданының әкімі
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар