Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Талантты әншілер байқауы

Талантты әншілер байқауы
ашық дереккөз
Талантты әншілер байқауы
Ұлттық мерекге орай облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Әуенді battle» жас эстрадалық әншілер арасында облыстық байқауы өтті. Салтанатты шараны облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Зұлпыхар құттықтау сөзімен ашты. Басқарма басшысы өз сөзінде қатысушыларға ыстық лебізін білдіріп, сәттілік тіледі. Байқаудың іріктеу кезеңінде 50 қатысушы өнер көрсеткен. Оның ішінде 13 қатысушы байқау ережесіне сәйкес «Әуенді battle» жас эстрадалық әншілер арасындағы облыстық байқаудың II кезеңінде бақ сынауға мүмкіндік алды. Ал, II кезеңде 13 қатысушының арасынан жартылай финалға 8 қатысушы жолдама алды. Байқаудың жартылай финалында өнер көрсеткен 8 қатысушының ішінен үздік болған 5 қатысушы финалдық кезеңде өнер көрсетті. Таланттар сайысына Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының әншісі, режиссер – Азамат Әлмерек, облыстық филармонияның әншісі, Мәдениет саласының үздігі Назима Усенова, Мұқан Төлебаев атындағы өнер мектебінің мұғалімі, халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпазы Рүстем Малдыбаев қазылық етті. Финалдық кезең қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешіміне сәйкес бірқатар қатысушылар жүлделі орындармен және арнайы номинациямен марапатталды. Атап айтқанда, күміс көмей әнші Нұргүл Мусали бірінші орын тұғырынан көрінді. Жүлделі II орын саз дауысты Гүлжанар Керімқұловаға бұйырды. Әуелете ән шырқап, көрерменнің құлақ құрышын қандырған Ақерке Құрбан III орынға лайық деп танылды. Қоңыр даусымен көпшіліктің жүргінен орын алған Мадияр Сағынбек «Көрермен көзайымы» номинациясын жеңіп алды. Жарыс жеңімпаздарының барлығына қаржылай сыйлықақылар табыс етілді.    
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар