Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚТЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚТЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР
ашық дереккөз
ДІНИ САУАТТЫЛЫҚТЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР
Діни сауаттылықты арттыру мақсатында облыс әкімдігінің дін істері басқармасы дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған аймақтық оқыту семинарын өткізді. Семинар модераторы, облыс әкімдігінің дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақбай Ахметұлының айтуынша, бүгінде теория мен тәжірибені шыңдауға арналған оқыту семинары 2018 жылдан бері жүргізіліп келеді екен. Себебі діни сауаттылықты арттыру, жастардың жат ағымның жетегінде кетпеуі, деструктивті діни ағымдардың қауіп-қатері сынды бірқатар түйткілдер бүгінгі қоғамның өзекті мәселесіне айналған. – Таяқтың екі ұшы болады демекші, ақпарат ағыны арасында деструктивті ағымдардың идеяларын насихаттайтын топтардың да бар екендігін ұмытпау керек. Осы ретте діни иммунитетті қалыптастыру өте маңызды. Көпұлтты және көп конфессиялы еліміздегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етуде діннің алатын орны айрықша, – деген дінтану ғылымдарының PhD докторы Балғабек Мырзабаев өз дәрісінде діни контеттің бүгінгі таңдағы маңыздылығы мен мәніне тоқталды. Аталған оқыту семинары Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында білікті мамандардан тұратын ақпараттық-түсіндіру тобы арқылы зайырлық, қазақстандық қоғамның дәстүрлі құндылықтарын насихаттайды. Дәрістер тыңдалғаннан кейін қатысушылар өзара сұрақтарын ортаға салып, пікір алмасты. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Назерке ОҢҒАР, журналист

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар