Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМДЫ КӨРСЕТЕТІН КЕЗ

АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМДЫ КӨРСЕТЕТІН КЕЗ
ашық дереккөз
АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМДЫ КӨРСЕТЕТІН КЕЗ
Кеше республикалық референдум штабының мүшесі, белгілі қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы Жуалы ауданына арнайы келіп, жұртшылықпен кездесті. Ондағы мақсат та белгілі. 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумға халықты белсенді қатысуға шақыру және Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Қоғам қайраткері О.Асанғазы және облыстық референдум штабының мүшесі Жанар Орынбаева және «АМАNАТ» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Марат Нарымбеков бастаған топ ең алдымен аудан орталығындағы сүт өнімдерін шығаратын «АQ MOL» ЖШС-ында болып, кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті. Кездесуде Оразкүл Асанғазықызы алдымен жұмысшылардың жағдайымен танысқан соң, 5 маусымда елімізде өткелі отырған жалпыхалықтық референдумның маңыздылығына тоқталды. – Жалпыхалықтық референдум Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өткізілгелі отырғанын барлығыңыз жақсы білесіздер. Бұл саяси шара жайдан-жай өткізілгелі отырған жоқ. Оның бірден-бір себебі мемлекетіміз тұтастай саяси жаңғырудан өтпей, тұрақты әрі баянды даму жолына түсіп кете алмайды. Сол мақсатта қазір елімізде Президент бастамасымен саяси реформалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Иә, бәрі бірден жақсы болып кетеді деуден аулақпыз. Дегенмен халық өкілдері мұндай өміршең әрі тағдыршешті бастамаларға байыппен қарап, оған қолдау жасаулары қажет деп санаймын. Мысалы, мемлекет деген не? Ол әрине, мемлекетті құрап отырған сіз бен біз. Ертең болатын жалпыхалықтық референдумға қатысып, белсенділік танытуларыңыз қажет. Бұл саяси шара сіз бен біздің, бүгінгі және ертең өмірге келетін жас ұрпағымыздың жарқын болашағы үшін жасалып жатыр. Біз осындай оң өзгерістерге бейжай қарамай, азаматтық ұстанымымызды көрсетуіміз қажет. Ата Заңымыздың 33-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілу көзделуде. Бұл үлкен өзгерістердің бастауы болмақ. Біз референдумда таңдауды қалай жасаймыз, ертеңгі өміріміз де осыған тікелей байланысты болатыны анық. Конституцияға енгізілетін өзгерістерде Президенттің өкілеттілігінен бастап, Парламенттің рөлі, жергілікті атқарушы билік органдарының да қызметі айқындалады. Бұл «Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет» қағидатына сәйкес келеді, – деді қоғам қайраткері. Республикалық және облыстық референдум штабтарының мүшелері О.Асанғазы және Ж.Орынбаева келесі кезекте Ақсай ауылдық округінің Қайрат ауылындағы даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының мемориалдық музейінде болып, батырдың рухына тағзым еткен соң, мұнда да ауыл тұрғындарымен кездесіп, кеңінен пікір алмасты. Ең бастысы жиын барысында тақырыпқа байланысты түсіндірме жұмыстарымен қатар ордалы ойлардың тиегі ағытылды. Кездесу кезінде ауыл ақсақалдары Аманжол Дүрәліұлы, Әбілқасым Ергебеков, Кәрібай Құрмашев сынды азаматтар өз ой-пікірлерін ортаға салды. Түсіндіру тобының мүшелері түске жақын аудандық «Достық» мәдениет үйінде де жиналған жұртшылық өкілдерінің алдында сөз сөйлеп, жалпыхалықтық референдумға біркісідей қатысуға шақырды.

Аяулым ЖАМАНҚА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар