Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жас мамандар бас қосты

Жас мамандар бас қосты
ашық дереккөз
Жас мамандар бас қосты
Облыс әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы «Жас маман тәжірибесінен: ұсыныстар мен перспективалар» тақырыбында ашық алаң ұйымдастырды. Жас мамандарды «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін оқытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындауға жұмылдыру мақсатында өткен іс-шарада қатысушылар өзара тәжірибе алмасты. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында заманауи әдістемелер мен озық педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, желілік қауымдастықта қазақ тілі мен әдебиеті сабағын тиімді ұйымдастыру жолдары ұсынылды. Ұстаздар қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру тәсілдерін талқылады. Іс-шара барысында «Оқыту қазақ тілінде емес сыныптардағы білім алушылардың әдеби, көркем сөйлеу дағдысын мультипликациялық фрагменттер арқылы қалыптастыру жолдары», «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын жетілдірудегі диктанттың маңызы», «Қазақ әдебиеті сабағында оқушыларды шешендік, ақындық өнерге баулу арқылы құзыретті тұлға қалыптастыру жолдары» тақырыптары аясында тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ «Көнерген сөздерді тиімді тәсілмен меңгерту», «Қазақ тілі сабағында оқушылардың жазылым әрекетін қалыптастыру жолдары» тақырыбында ойларын ортаға салды. «Саяхат сабағымен оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру», «Дебат бағдарламасы арқылы оқушыларды шешендікке тәрбиелеу» жөнінде ұтымды пікірлер айтылды. Ашық алаңда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін, әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық потенциалын арттыруына, кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасалды. Білім берудің сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды тиімді пайдалану жолдары талданып, іс-шара барысында пән мұғалімдеріне ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді. Облыстық ашық алаңға 55 шақты мұғалім қатысты. Ақтоты ЖАҢАБАЙ
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар