Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ – АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ

БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ – АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ
ашық дереккөз
БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ – АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ
Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің қатысуымен брифинг өтіп, ол салада атқарылып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселелер жайын баяндады. Басқарма басшысының айтуынша, осы жылы Шу қалалық емхана ғимаратын, Меркі аудандық орталық ауруханасының бөлімшесін, облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығының радиологиялық корпусын қайта жаңғыртудан өткізу, Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында орталық аудандық емхана, Шу ауданының Төле би ауылында балаларды оңалту орталығын салу жоспарланыпты. Бұдан бөлек «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл өңірде бой көтеретін, күрделі жөндеу жүргізілетін нысандар жайы мен саланың материалдық-техникалық базасының нығаюын тәптіштеген спикер кадр тапшылығын жою мәселесіне де кеңінен тоқталды. – Өңірде негізгі әлеуметтік-демографиялық жағдай бойынша табиғи өсім көрсеткіші 3 пайызға өссе, туу көрсеткіші 7,6 пайызға артты. Жыл басындағы 4 айда туберкулезге шалдыққандар көрсеткіші 6,9, қан айналым жүйесінен болатын өлім-жітім көрсеткіші 17,4 пайызға кеміді. Жалпы өлім-жітім өткен жылмен салыстырғанда 5,2 пайызға азайып отыр. Сонымен қатар катерлі ісік ауруларының көрсеткіші 7 пайызға кеміді, – деді Әсет Әскерұлы.

А.ЖАҢАБАЙ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар