Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

СУРДЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІНЕ ПӘТЕР СЕРТИФИКАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

СУРДЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІНЕ ПӘТЕР СЕРТИФИКАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ
ашық дереккөз
СУРДЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІНЕ ПӘТЕР СЕРТИФИКАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлерімен және қатысушыларымен кездесті. Кездесуде аймақ басшысы аталған байрақты бәсекеде ел намысын лайықты қорғап, нәтижелі өнер көрсеткен жамбылдық спортшыларды құттықтап, ризашылығын жеткізді. Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1-15 мамыр аралығында Бразилияның Кашиас-ду-Сул (Бразилия) қаласында өткен XХІV жазғы Сурдлимпиадалық ойындарында Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының 65 спортшысы спорттың 9 түрінен ел намысын қорғады. Оның ішінде 13 спортшы Жамбыл облысынан аттанған болатын. Жалпы, медальдік есепте 73 елдің арасында ұлттық құрамамыз 13-орынға тұрақтаса, жамбылдық спортшылар ел қоржынын 11 медальмен толықтырған. Облыс әкімі өз сөзінде спортшылардың жетістігін, елеулі еңбегін, олардың жаттықтырушыларының да зор үлесін айрықша атап өтті. Сондай-ақ облыстың спорт саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен оң көрсеткіштерге, бұл бағытта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауқымды қолдаулар көрсетіліп жатқанына назар аударды. Бұдан соң аймақ басшысы Ерназар Қонысбаев (еркін күрес), Александр Ан (таэквондо), Ринат Исмаилов (грек-рим күресі), Аскар Усубалиев (жүзу) сынды жаттықтырушылар мен спортшыларды Алғыс хатпен марапаттап, арнайы сертификаттар табыстады. Нақтырақ айтқанда, аталған Сурдлимпиадалық ойындарда еркін күрестен екінші орын иеленген Ғабит Есжанов пен Ғасыр Тұрғынбайға және дзюдодан екінші орынды жеңіп алған Анна Крамороваға 2 бөлмелі пәтердің сертификаты берілді. Ал таэквондодан үшінші орын иеленген Олжас Рысжановқа, грек-рим күресінен үшінші орын алған Асан Нұржанға, дзюдодан үшінші орын алған Фериде Караоғлыға 1 бөлмелі пәтердің сертификаты тапсырылды. Бұдан бөлек дзюдо, грек-рим, еркін күрестен және жеңіл атлетика мен жүзуден бақ сынап, жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар Айдос Түгелбаев, Эвелина Егембердиева, Абзал Досжанов, Шыңғысхан Әлдибаев, Яна Сибирякова, Руслан Раимбеков, Софья Закутнаяға да естелік сыйлықтар берілді. Өз кезегінде жаттықтырушылар мен спортшылар ықылас білдірген облыс басшылығына ризашылығын білдіріп, арнайы жатақхана, спорт кешенін салу бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Нұржан Нұржігітов барлық ұсыныстар назарға алынып, міндетті түрде қаралатынын жеткізіп, спортшыларға сәттілік, жеңіс тіледі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар