Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Денсаулық – басты байлық

Денсаулық – басты байлық
ашық дереккөз
Денсаулық – басты байлық
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығының президенті, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының профессоры және сарапшысы Төлебай Рахыпбековпен кездесіп, өңірдегі орташа өмір сүру жас ұзақтығын және медициналық қызметтердің сапасын арттыру мәселелерін талқылады. Кездесуде денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру, жарақаттану мен жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітімді азайту, орташа өмір сүру жас ұзақтығын арттыру бойынша әлемдік тәжірибелер сараланды. Сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстануды кеңінен насихаттау мақсатында құрылған «Ерлердің ұзақ өмір сүруі» жобасы бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілген. Аталған жоба қазіргі таңда барлық атқарушы органдардың бірлесе атқарған жұмыстары мен қолдауларының арқасында жемісін беріп отыр. Ал облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова қайтыс болу мен аурушаңдыққа алып келетін оқыс апаттық жағдайларға, жүрек-қантамыр ауруларының асқынуына және олардан туындайтын өлім-жітімге алып келетін факторларды атап өтіп, бұл бағытта қолға алынып отырған жұмыстарға тоқталды. «Ерлердің ұзақ өмір сүруі» жобасын ары қарай тек біздің облыста ғана емес, республика көлемінде кеңінен насихаттау, дамыту мақсатында денсаулық сақтау басқармасының басшысына арнайы ұсыныстар айтып, қосымша нақты тапсырмалар берді. Айта кету керек, осы жылдың сегіз айында облыста жол-көлік оқиғалары салдарынан 130 адам қаза тауып, 931 адам жарақат алған. Жазатайым оқиғалардың салдарынан балалар өлімі 8 жағдайды құраса (өткен жыл – 4 жағдай), ерлердің орташа өмір сүру жасы әйелдерге қарағанда 8 жасқа төмен. Мемлекет басшысының денсаулық сақтау саласында алға қойған міндеттері аясында облыстағы медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында осы саладағы үздік әлемдік тәжірибені зерделеу және енгізу бойынша жұмыстарды жалғастыру жоспарланып отыр. Облыс әкімінің баспасөз қызметі
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар