Жаңалықтар
Тауар таңбаларын Қазақстан Республикасында құқықтық қорғау
- author AR-AY
- 11 қазан, 2023
- 171
Тауар таңбаларын Қазақстан Республикасында құқықтық қорғау
Қазақстан Республикасының «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңына (бұдан әрі-Заң) сәйкес, тауар таңбасы дегеніміз – бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (көрсететін қызметтерiн) басқа заңды немесе жеке тұлғаның бiртектес тауарларынан (көрсететін қызметтерiнен) ажырату үшiн қолданылатын белгі.
Тауар таңбасы ретінде бейнелік, сөздік, әріптік, сандық және өзге де таңбалар немесе олардың комбинациялары тіркелуі мүмкін.
Тауар таңбасы кез келген түсте немесе сандық үйлесімінде тіркелуі мүмкін.
Тауар таңбасын тiркеуге жол бермейтiн абсолюттiк негiздер:
- Айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілер және бірдей тауар белгілері;
- Белгілі бір түрдегі тауарларды белгілеу үшін жалпы қолданысқа енгізілген белгілер;
- Жалпыға ортақ қабылданған рәмiздер мен терминдер;
- Тауарлардың түрiн, сапасын, санын, қасиетiн, мақсатын, құндылығын, сондай-ақ олардың шығарылған немесе өткiзілген жерi мен уақытын көрсететiн белгілер;
- Өзiнiң мазмұны жөнiнен қоғамдық мүдделерге, адамгершiлiк пен iзгiлiк принциптерiне қайшы келетiн белгiлер және тағыда басқа осындай белгілерді тiркеуге жол берiлмейдi.
Келесі мақала
Дәрігерлер дән риза
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Енді eGov Mobile қосымшасы арқылы шетелден тауарға тапсырыс беруге болады
- авторAR-AY
- 13 желтоқсан, 2024