Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қылмыс пен жаза

Қылмыс пен жаза
ашық дереккөз
Қылмыс пен жаза
Қарағандыдағы «қақпан» Тергеу барысында анықталғандай, Қарағанды облысының тұрғыны бұрын қаржы пирамидасы арқылы халықтан ақша жинағаны үшін сотталған, ол жеке тұлғалардан 50 пайыздан 300 пайызға дейінгі мөлшердегі төлемдерді уәде ете отырып, 1 күннен 3 күнге дейінгі мерзімге 50 мыңнан 300 мың теңгеге дейінгі көлемде қаражат тарту арқылы «WhatsApp» және «Telegram» мессенджерлерінде чат құрған. Ақша банктік қосымша арқылы аударылған. Күдікті ұсталып, оған қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала тергеулер «Өзіміз гой Арай» чатында 100-ден астам қатысушыны анықтады, қазіргі уақытта «Люкс чат», «Чек чат Люкс 100%», «Вклад чат 50%» деп аталатын чаттардың салымшыларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды. Ақтөбедегі интернет-казино Қаржы мониторингі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті заңсыз ойын бизнесін онлайн форматта (интернет-казино) ұйымдастырған 3 тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде. Ұйымдастырушылар Қазақстан аумағында тыйым салынған сайттарға сілтеме мен біржолғы логин және пароль беріп, ойыншылардан банк қосымшасы арқылы ставкалар қабылдаған. Осылайша олар ойыншыларға нақты ұтыстар бере отырып, тиісті лицензиясыз құмар ойын түріндегі заңсыз қызмет көрсеткен. Алдын ала есеп бойынша, заңсыз қызметтен түскен қаржы айналымының жалпы сомасы 490 миллион теңгені құрады. Ойыншылар саны 800 адамнан асады. Сонымен қатар кәмелетке толмағандарды заңсыз ойын бизнесіне тарту фактілері тексерілуде. Жүргізілген тінту нәтижелері бойынша заңсыз ойын қызметіне қатысты заттар мен құжаттар, сондай-ақ ақшалай қаражат табылып, тәркіленді. Жарнамаға сеніп, ақшасынан айырылды Ақмола облысының тұрғыны алаяқтарға алданып, миллиондаған ақшасынан айырылып қалған. Бұл жөнінде «Polisia.kz» сайты ақпарат таратты. 37 жастағы ауыл тұрғыны криптовалюта алып, қайта сатудан ақша табуға уәде берген қаржы компаниясын «YouTube»-тен көріп қалған. Ер адам бірнеше сілтемені басқаннан кейін оған бірден алаяқтар хабарласқан. Олар қаражат салып, инвес­тициялау арқылы компаниядан дивидендтер алуға болатынын айтады. Бастапқыда ауыл тұрғыны көлік сатып алуға алған несиенің екі миллион теңгесін аударған. Содан кейін бір ай бойы алаяқтар жәбірленушіге үнемі қоңырау шалып, оның шотына пайыздар есептеліп жатқанын, бірақ оны да көбейтуге болатынын айтып сендіреді. Оларға сенген ауыл тұрғыны тағы да төрт несие алып, туған-туыстарынан қарызға ақша алып, жеке жинаған ақшасын түгел салады. Қылмыскерлердің әрекетінен келген шығын 8,7 миллион теңге болған. 4 қазанда ауыл тұрғыны полицияға арыз жазған. Бұл факт бойынша соталды тергеу амалдары басталып, жедел іздестіру және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Жасұлан Сейілханов
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар