Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«НҰРЛЫ ЖЕР» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАШАН ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАДЫ?

«НҰРЛЫ ЖЕР» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАШАН ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАДЫ?
ашық дереккөз
«НҰРЛЫ ЖЕР» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАШАН ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАДЫ?
Кезінде Тараз қаласы әкімдігіне мемлекеттік бағдарламамен тұрғын үй сатып алу кезегіне тұрғанбыз. Былтыр «Отбасы Банкінің» салымшысы ретінде «Шаңырақ» бағдарламасы арқылы тұрғын үй алуға қамданып, өтінім бердік. Өтінім мақұлданып, аталған банктің тұрғын үй алу үшін несие беру шаруалары құжат жүзінде толық аяқталған. Бұл істің біткеніне біршама уақыт болды. Бірақ біздің жуық арада баспана алмайтын түріміз бар. Себебі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын қаржыландыруға биыл қаражат бөлмепті. Осының зардабын қазір біз секілді қарапайым халық тартып отыр. Осы ретте «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қаржы бөлінбеуінің салдарынан Тараз қаласында қаншама тұрғын үй өз иелеріне берілмей тұр? Аталған бағдарлама қашан қаржыландырылады? Осы сұрақтарға жауап алғым келеді.

Нұрбану Бердімбетова, облыстық көпбейінді аурухананың дәрігері

Газет арқылы Н.Бердімбетовадан келіп түскен өтініш негізінде «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаражат толығымен игерілгенін хабарлаймыз. Банк Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесе бағдарламаны одан әрі іске асыру үшін бюджеттен қосымша қаражат бөлу бойынша келіссөздер жүргізуде. Алайда қашан және қандай көлемде қаражат бөлінетіні қазіргі уақытта белгісіз. Негізінде Нұрбану Бердімбетова «Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын үй құрылысы, жер телімі 13,3-нүкте» нысанында баспана алу үшін байқауға қатысып, нәтижесінде 3 бөлмелі пәтер сатып алу құқығын алған. Аталмыш клиент бойынша банк берген мақұлдау мерзімі 03.06.2022 жылы аяқталады. Клиент бұл уақытқа дейін баспана алып үлгермеген жағдайда, банктің ішкі нормативті құжаттары негізінде оң шешім мерзімі тағы 6 айға ұзартылады.

Гүлзат Бекназарова, «Отбасы Банк» акционерлік қоғамы облыстық филиалының директоры

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар