Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тауар алушының талабы ескеріледі

Тауар алушының талабы ескеріледі
ашық дереккөз
Тауар алушының талабы ескеріледі
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамда әлі де өзекті мәселе. Халықты алдау, сапасыз тауарды өткізіп жіберу немесе сатып алынған заттың кепілдік мерзімі аяқталмай бұзылып қалуы, ал оның ақшасын қайтармай тұтынушыны әуре-сарсаңға салу сынды фактілер күн сайын қайталануда. Бұл кеселмен қалай күресеміз? Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның жаңа жобасын әзірледі. Заң жобасының негізгі аспектілерінің бірі – қоғамдық институттардың әлеуметтік-саяси ықпалын кеңейту. Осы мақсатта тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Омбудсмен институт енгізіледі. Ол қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған қоғамдық бірлестіктермен, одақтармен, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қауымдастықтармен бірге айтарлықтай кең өкілеттіктерге ие болады. Неліктен Сауда және интеграция министрлігі бұл норманы енгізуді ұсынды? Өйткені осыған ұқсас норма елімізде 2010 жылға дейін қолданыста болған еді. Ендеше тұтынушылық құқықтарды қорғаудың заң жобасында қарастырылған схемасына назар аударайық. Біріншіден, заң жобасының 58-бабына сәйкес құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған тұтынушы сотқа дейінгі тәртіппен дербес не өз мүдделерінің өкілі арқылы сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) оларды өз еркімен жою, тұтынушыға осы бұзушылықтармен келтірілген залалды (залалды, зиянды) өтеу туралы жүгінуге құқылы. Екіншіден, сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушының шағымын қарауға және тұтынушының шағымын алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде сатушының (дайындаушының, орындаушының) қолы қойылған жазбаша жауапты ұсынуға міндетті. Үшіншіден, егер күнтізбелік он күн ішінде сатушы (дайындаушы, орындаушы) шағымға жазбаша жауап бермесе немесе бұзушылықтарды өз еркімен жоюдан немесе келтірілген залалды (залалды, зиянды) өтеуден бас тартса, тұтынушы дербес не өз мүдделерінің өкілі арқылы тұтынушылық дауды соттан тыс реттеу субъектісіне немесе сотқа жүгінуге құқылы. Төртіншіден, қоғамдық бірлестіктер (одақтар, қауымдастықтар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі омбудсмен) соттан тыс реттеу субъектілері болып табылады. Кәсіпкер дауды сотқа дейінгі тәртіппен шешуден бас тартқан не даулы жағдайды сотқа дейінгі тәртіппен реттеу мүмкін болмаған жағдайда қоғамдық бірлестіктер (одақтар, қауымдастықтар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі омбудсмен) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа талап-арызбен жүгінеді. Бесіншіден, заң жобасының 62-бабының 2-тармағына сәйкес сот тұтынушының ісін қарайды және оның талаптары қанағаттандырылған жағдайда, егер талап қоюды қоғамдық бірлестік (одақ, қауымдастық, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен) берсе, онда тұтынушылардың қоғамдық бірлестігінің, қауымдастықтың (одақтың), омбудсменнің пайдасына сот айыппұл өндіріп алады. Бұдан басқа, заң жобасының 59-бабының негізінде тұтынушының сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) жүгінген кезден бастап бір ай ішінде сатушыларды (дайындаушыларды, орындаушыларды) жауапқа тарту мақсатында уәкілетті органға, мемлекеттік органдарға өз құзыреті шегінде жүгінуге құқығы бар. Жоғарыда айтылғандардың бәрінен көріп отырғаныңыздай, тұтынушы өзінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғаудың нұсқасын таңдайды. Және осы тізбектегі сот соңғы инстанция. Айыппұл салу – бұл соңғы шара. Бұл норма тұтынушыларды қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманың нормаларын сақтайтын кәсіпкерлерді алаңдатпауы тиіс. Айыппұлдар тек қасақана заңбұзушыларға қатысты. Оны енгізуден ешбірі зиян шекпейді, керісінше барлығы пайда көреді. Өйткені тұтынушылардың заңды құқықтарын қорғайтын тағы бір механизм пайда болады. Облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұтынушылардың назарына e-tutynushy, e-otinish, E-gov, Telegram Bot және басқа да байланыс тәсілдері арқылы келіп түсетін тұтынушылардың өтініштерін қарайтынын жеткізеді. Сіз 8-7262-54-21-69 телефоны арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңес ала аласыз.

Татьяна ФЕДОСОВА, облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің бас маманы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар