Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Елімізде сауда нүктелеріндегі таразылар тексеріледі

Елімізде сауда нүктелеріндегі таразылар тексеріледі
ашық дереккөз
Елімізде сауда нүктелеріндегі таразылар тексеріледі
Бұрын тек тауардың өлшемі ғана бақылауға алынып келсе, енді бұл тізім өлшеу құрылғысымен толықты. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, бұған халықтан түскен арыз-шағым сеп болған. Сол себепті де енді әрбір сауда объектісі елдің барлық облыстарында бар аккредиттелген (құзыреттілігі бағалаудан өткен) тексеру зертханаларының аттестатталған тексерушілерінің көмегімен таразыларын жыл сайынғы міндетті салыстырып тексеруден өткізуі тиіс. – Егер бұрын салыстырып тексеру туралы талап тек сатылатын тауарлардың геометриялық параметрлерін өлшейтін өлшем құралдарына қатысты болса, енді таразылар да қосылды, – деп атап өтті ведомство өкілдері. Салыстырып тексерудің мәні – өлшем құралдарының міндетті метрологиялық талаптарға сәйкестігін растау. Ол үшін аттестатталған салыстырып тексеру әдістемесі пайдаланылады, бірқатар іс-шара жүзеге асырылып, нәтижесінде оң нәтижелері салыстырып тексеру таңбасының бедерімен куәландырылады, ал теріс жағдайда өлшем құралының жарамсыздығы туралы хабарлама жіберіледі. Рәсімнің шығыны көп емес, сарапшылардың бағалауы бойынша, нарықтағы орташа есеппен 5000 теңгеден сәл асады және арнайы кіртас пайдалануды көздейді. Өзгерістер «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңның қолданыстағы ережелеріне негізделген. Заң талаптарын сақтамағаны үшін «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодекстің 419-бабында жеке (30 АЕК) және заңды тұлғаларға (230 АЕК-тен 600 АЕК-ке дейін) айыппұл түрінде жауапкершілік қарастырылған. Айта кету керек, жаңашылдық ауылшаруашылық жәрмеңкелеріне қолданылмайды. Аяулым Жаманқара
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар