Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ЖАҢА БАС ИМАМ

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ЖАҢА БАС ИМАМ
ашық дереккөз
ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ЖАҢА БАС ИМАМ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыс бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Жамбыл ауданына арнайы іссапармен барып қайтты. Жамағатқа жұма уағызын айтып, көпшілікті ауданның жаңа бас имамымен таныстырды. Өңірге бас имам болып Дәурен Құттыбаев тағайындалды. Облыс бас имамы осы уақытқа дейін 18 жыл бойы бас имам қызметін атқарып келген Ғайырфулла Әмірбековтің ерен еңбегі үшін алғысын айтып, марапаттады. Жамағат Ғайырфулла имамға құрмет көрсетіп, ақсақалдар батасын берді. Айта кетейік, имам ауданда жасаған еңбегі үшін «Жамбыл ауданының Құрметті азаматы» атағын алған болатын. Көпшілік жаңа тағайындалған имамға сәттілік тілеп, жылы қарсы алды. Облыстың діни көшбасшысы Бейбіт Әліпбекұлы маманның білім деңгейі мен еңбек жолын айтып өтті. Дәурен Нұржанұлы бас мүфтидің бұйрығы бойынша Тараз қаласындағы «Әбдіқадір» мешітінің имамы қызметінен ауыстырылып, Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітіне бас имам болды. Д.Құттыбаев дін саласындағы еңбегімен жақсы жағынан танылған. 2001-2005 жылдар аралығында Шымкент қаласынлағы «Қазақ-Араб» университетінде білім алды. Ал 2014-2019 жылдар аралығында Атырау облысы, Мақат аудандық мешітінің бас имамы қызметін атқарды. 2019-2020 жылдар аралығында Қордай аудандық мешітінің бас имамы және «Қордай» Құран қариларын дайындау орталығының директоры қызметін атқарған болатын. 2020-2021 жылдар аралығында Қордай аудандық мешітінің найб имам және «Қордай» Құран қариларын дайындау орталығының ұстазы қызметін жасаса, 2021 жылдан бері Тараз қаласындағы «Әбдіқадір» мешітінде имам қызметін атқарып келген. Мәуліт АРУЛАР ХАДИС АЙТУДАН ЖАРЫСТЫ Мәуліт арабша «туылу», «туылған уақыты» деген мағыналарды білдіреді. Адамзаттың асылы, Пайғамбарлардың ардақтысы Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған уақытына байланысты атап өтілетін күн «мәуліт» деп аталады. Байзақ ауданындағы «Байзақ баба» мешітінің ұстазы Жанат Көшербаеваның ұйымдастыруымен Мәуліт айын тиімді өткізу мақсатында нәзікжандылар 40 хадис айтудан жарысты. Жарысты ұстаз Айнұр Зулфикарқызы жүргізіп, екі топқа бөлінген «Кәусар» мен «Фирдаус» топтары бір-бірімен сайысқа түсті. Ең әуелі, жарыс Құран аяттарын оқумен басталып, «Байзақ баба» мешітінің ұстазы нәзікжандыларды Мәуліт мерекесімен құттықтап, «Хадис жаттаудың пайдасы» тақырыбында насихат айтып, екі топқа төрелік жасады. Байқау Алла Тағаланың 99 көркем есімін жатқа айту, қазыналы қобдиша (таңдалған ұяшықтағы хадистің қазақша мәтінін қатесіз, шатаспай, жатқа айтып түсіндіру) секілді үш кезеңнен тұрды. Сайыс қорытындысы бойынша «Фирдаус» тобы жеңіске жетіп, үздіктер қатарынан көрінді. Жарысқа қатысушыларға ҚМДБ мақұлдаған «Адамзаттың асыл тәжі» және «Әйелдерге арналған 30 хадис» кітаптары сыйға берілді. «Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар