Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

АРУЛАР ХАДИС АЙТУДАН ЖАРЫСТЫ

АРУЛАР ХАДИС АЙТУДАН ЖАРЫСТЫ
ашық дереккөз
АРУЛАР ХАДИС АЙТУДАН ЖАРЫСТЫ
Мәуліт арабша «туылу», «туылған уақыты» деген мағыналарды білдіреді. Адамзаттың асылы, Пайғамбарлардың ардақтысы Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған уақытына байланысты атап өтілетін күн «мәуліт» деп аталады. Байзақ ауданындағы «Байзақ баба» мешітінің ұстазы Жанат Көшербаеваның ұйымдастыруымен Мәуліт айын тиімді өткізу мақсатында нәзікжандылар 40 хадис айтудан жарысты. Жарысты ұстаз Айнұр Зулфикарқызы жүргізіп, екі топқа бөлінген «Кәусар» мен «Фирдаус» топтары бір-бірімен сайысқа түсті. Ең әуелі, жарыс Құран аяттарын оқумен басталып, «Байзақ баба» мешітінің ұстазы нәзікжандыларды Мәуліт мерекесімен құттықтап, «Хадис жаттаудың пайдасы» тақырыбында насихат айтып, екі топқа төрелік жасады. Байқау Алла Тағаланың 99 көркем есімін жатқа айту, қазыналы қобдиша (таңдалған ұяшықтағы хадистің қазақша мәтінін қатесіз, шатаспай, жатқа айтып түсіндіру) секілді үш кезеңнен тұрды. Сайыс қорытындысы бойынша «Фирдаус» тобы жеңіске жетіп, үздіктер қатарынан көрінді. Жарысқа қатысушыларға ҚМДБ мақұлдаған «Адамзаттың асыл тәжі» және «Әйелдерге арналған 30 хадис» кітаптары сыйға берілді. Айжан ӨЗБЕКОВА
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар