Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қалдықтарды қайта өңдеу – өткір мәселе

Қалдықтарды қайта өңдеу – өткір мәселе
ашық дереккөз
Қалдықтарды қайта өңдеу – өткір мәселе
Даму даңғылына түскен адамзат баласының бүгінгі ең көкейкесті мәселесінің бірі – қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеп, кәдеге жарату. Қоқыстар көбіне сұрыпталмастан қала сыртындағы полигондарға шығарылады. Ол үшін арнайы елді мекендерден алыс қашықтықта орналасқан жер учаскесі таңдалынады. Аймақтың әрбір ауданында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері пайда болмас үшін облыстық экология департаменті тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Ғарыштық мониторингтің нәтижесі бойынша, осы жылдың 1-жартыжылдығында облыстың аумағынан 200 бейберекет қоқыс үйіндісі анықталған. Оның ішінде 61 бейберекет қоқыс үйіндісі, қалдықтарды орналастыруға болатын 37 ұйымдастырылған қоқыс үйіндісі бар. Айта кету керек, экология департаменті полигондар бойынша тек тексеру жұмыстарын жүргізеді. Ал бейберекет полигондарды жою –жергілікті атқарушы органдардың міндеті. Сондай-ақ жергілікті органдар тұрғындарды хабардар етіп, қалдықтарды тастауға тыйым салатын белгілер қоюы керек. Жуырда облыстық экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің инспекторы Нұрзат Блешбаев Шу ауданынан «Ғарыш сапары» ғарыштық мониторингінің көмегімен анықталған тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарудың 92 кездейсоқ орнын анықтаған. Оның ішінде 28 кездейсоқ орын жойылды. Сондай-ақ облыстық экология департаментінің биылғы 8 айдағы ғарыштық мониторингі бойынша, тұрмыстық қатты қалдықтардың кездейсоқ орындарына 10 сапар жүргізген. – Тұрмыстық қатты қалдықтардың үйінді мөлшері артып келеді. Мұндай жағдай экология департаментінің рейд жүргізуі кезінде жиі анықталып жатады. Бірақ жақын арада бұл жағдай өзгеруі мүмкін, – дейді облыстық экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің инспекторы Н.Блешбаев. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 324-бабының 1-тармағына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптардың, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі гигиеналық нормативтердің нормаларын бұзғаны үшін лауазымды адамдарға 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салған. Айта кету керек, тұрмыстық қатты қалдықтардың кездейсоқ орындарда тап болуын азайту мәселесінде тұрғындар, әлеуметтік желілердегі сұраныстар мен «Ғарыш сапары» суреттері септігін тигізеді. Аяулым Жаманқара  
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар