Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ОҚУ ЖЫЛЫ ОЙДАҒЫДАЙ ӨТУДЕ

ОҚУ ЖЫЛЫ ОЙДАҒЫДАЙ ӨТУДЕ
ашық дереккөз
ОҚУ ЖЫЛЫ ОЙДАҒЫДАЙ ӨТУДЕ
Биылғы оқу жылында облыстағы 500 мектепке 246 371 оқушы келген. Оның ішінде 1-сыныпқа 23 819 бала қабылданған. Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда 33 оқу аптасын, 2-11 (12)-сыныптарда 34 оқу аптасын құрайды. Оқулықтарды сатып алуға 3,1 миллиард теңге қаржы бөлініп, жаңа оқу жылында оқушылар оқулықпен 100 пайыз қамтамасыз етілген Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Досыбаева айтты. Баяндамашының айтуынша, биыл 25 білім нысанының құрылысы жүргізіліп, 9 мектеп және 5 мектептің қосымша құрылысы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. – Биыл Білім күніне орай Жамбыл ауданының Шоқай ауылындағы 150 орындық мектеп ашылды. Қалған 8 мектеп және 5 мектептің қосымша құрылысы жұмыс кестесіне және келісімшартқа сәйкес осы жылдың қараша, желтоқсан айларында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Ал 11 нысанның құрылысы келесі жылы аяқталады. Бұдан бөлек 17 білім беру нысанын күрделі жөндеуден өткізуге 4,4 миллиард теңге қарастырылды. Сондай-ақ қазір облыста үш ауысымды 4 мектеп, апатты 3 мектеп, оқушы орнының тапшылығы бар 2 мектеп бар. 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 9 500 орындық 12 мектеп салу жоспарланып отыр. Жоспарға сәйкес 2024 жылы 7 мектеп, 2025 жылы 5 мектеп пайдалануға беріледі. Сонымен қатар «Ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» қайырымдылық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында өткен жылы 250 миллион теңгеге бір мектептің 35 оқу кабинетінің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, 116 педагог «Назарбаев зияткерлік мектептері» арқылы оқыту курстарынан өтті. Ал биыл аталған жоба аясында 500 миллион теңгеге 2 мектептің 53 оқу кабинетінің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, 161 педагог оқыту курстарынан өтуде. Келесі жылы жоба аясында облыстағы 8 мектепті қайта жабдықтау жоспарлануда. Сондай-ақ «Болашақ инженерлер-1» жобасы да іске асырылуда. Жоба аясында облыс бойынша 66,3 миллион теңгеге 13 робототехника кабинеті жабдықталды. Жыл соңына дейін «Болашақ инженерлер-2» жобасы аясында Қаратау, Жаңатас сияқты шағын қалаларда 42 миллион теңгеге 7 робототехника кабинетін жабдықтау жоспарланып отыр, – деді Айдын Орынбекқызы. Сондай-ақ спикер 1 қыркүйектен бастап барлық бастауыш сынып оқушылары бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылғанын да атап өтті. Сонымен қатар А.Досыбаева жастарға кәсіптік-техникалық білім беру маңызды мәселе екендігін де тілге тиек етті. Айта кету керек, қазір облыстағы 44 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында 26 164 студент білім алса, оның 16 284-і мемлекеттік білім тапсырысы аясында оқуда. Шапағат ӘБДІР
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар