Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

МАМАНДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ МАҢЫЗДЫ

МАМАНДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ МАҢЫЗДЫ
ашық дереккөз
МАМАНДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ МАҢЫЗДЫ
Тараз қаласындағы «Ark MS» қонақүйінің мәжіліс залында «Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында облыстағы ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинары өтті. Дін мәселелері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған шараға «Дін зерттеу орталығының», «Ақниет» ҚҚ, мешіттердің және тағы басқа дін мамандары, имамдар, психологтар мен теологтар қатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – риторика маманы Толқын Аманбек, нейролингвистикалық бағдарламалау маманы, психолог Мирзада Сейтқали, теология маманы Бауыржан Ботақараев, дінтанушы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің дінтану кафедрасының доценті Тұңғыш Абылов баяндама оқыды. Толқын Аманбек «Риторика. Көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгеру» тақырыбымен қатысушыларға адам бойындағы жасқаншақтықты жою, дауыстың ырғағы, тембрі, интонацияны дұрыс қолдану, екпінді дұрыс қою, дұрыс тыныс алудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар «Дикцияны жақсартуға арналған құралдар» тақырыбы аясында ораторлық шеберлікті дамытуға бағытталғын арнайы жаттығулар мен әдістерді көрсетіп, тренинг өткізді. Бауыржан Ботақараев «Діндарлық пен діншілдіктің психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында жалпы теориялық ақпарат беріп, қатысушылармен жұмыс істеді. Сондай-ақ «Қазақстанның қазіргі діни ахуалы» тақырыбымен Қазақстандағы діни жағдайларды түсіндіре отырып, оған қатысты күрделі сұрақтарға жауап беру әдістерін үйретті. Мирзада Сейтқали «Влияние детских травм на жизне­деятель­ность личности» та­қы­­рыбы аясында қатысушыларға күрделі проб­ле­малар мен асқынып тұрған мәселелерді түсіндіріп, ислам әлемінің бірлігі жолында тұрған негізгі кедергілер және онымен күрес жолы жайында айта кетті. Оның үстіне «Болезни ЭГО и пути их излечения» тақырыбымен мамандарға жұмыс барысында жағдайдың күрделенуіне жол бермеу тәсілдері мен оңалту қағидалары туралы сөз қозғады. Тұңғыш Абылов болса, діни сананың ерекшеліктерін, діндарлықтың құрылымын, жеке тұлғаның және қоғамның діни даму айырмашылықтарын түсіндірді. Келесі кезекте «Қазақстандағы тәңіршілдік: тарихы және қазіргі жағдайы» тақырыбында семинар оқып, жалпы түрік халқының діни-наным ұстанымы және оның тарихы, тәңіршілдік ілімінің жағдайы туралы айтты. Семинар барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар берілді. Айжан ӨЗБЕКОВА
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар