Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Суару қондырғыларының өндірісі қолға алынбақ

Суару қондырғыларының өндірісі қолға алынбақ
ашық дереккөз
Суару қондырғыларының өндірісі қолға алынбақ
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «VODAR» компаниясының басшылығымен кездесті. Қытайдағы ең ірі жаңбырлатып суару қондырғыларын өндіруші саналатын компания облыста суару жабдықтарын шығаратын зауыт салуға ниетті. Айта кету керек, «VODAR» суару жүйелері әлемнің 26 еліне, соның ішінде Аустралия, Венгрия, Моңғолия, АҚШ-қа экспорттауды жолға қойған. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында су үнемдеу технологияларын енгізудің маңыздылығын атап өтіп, су ресурстары және ирригация министрлігін құруды тапсырған болатын. Биыл жамбылдық шаруалар үшін оңай болмады. Сондықтан су үнемдеу технологияларын енгізу шараларын күшейту керек. Бұдан басқа суқойма салу, каналдарды жөндеу бойынша да шаралар қабылдануда. Біздің облыс жерасты су ресурстарына да бай. Бұл ретте ұңғымалар қазу жұмысына аса көңіл бөлген жөн. Осы орайда субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілуде. Енді шаруа қожалықтарының ұңғымаларды бұрғылаудағы шығындарының 80 пайызы субсидияланатын болады, – деді облыс әкімі. «Vodar» компаниясының басшысы Жоу Чуангоу кәсіпорынды «ХимПарк Тараз» АЭА аумағында салу жоспарланып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ өндірістің қуаттылығы – жылына 300-ден астам жаңбырлатып суару қондырғысын құрайтындығын айтты. – Сіз бұған дейін ауылшаруашылығы министрі ретінде де бірлескен жобаларға ерекше назар аударған едіңіз. Қолдауыңыз үшін алғыс айтамын және өзара тиімді ынтымақтастық бағытында жұмыс істейміз деп ойлаймын, – деді ол. Облыс әкімінің баспасөз қызметі
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар