Қырғыз елшісін қабылдады
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Қырғыз Республикасының еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Дастан Дюшекеевпен кездесті.
Кездесуде бауырлас екі елдің, оның ішінде Жамбыл облысымен сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері мен алдағы жоспарлар талқыланды.
Сондай-ақ Қазақ-Қырғыз I Өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық барысы пысықталды. Аймақ басшысы тараптар арасындағы өзара тығыз байланысты ескере келе, елдердің өңірлері арасындағы ынтымақтастықты да нығайта түсу қажет екенін атап өтті. Облыс туралы жан-жақты ақпарат беріп, әлеуетті инвесторлар мен туристер үшін тартымдылығын тілге тиек етті.
Өз кезегінде Дастан Дюшекеев жылы шырайда қабылдаған облыс басшылығына алғысын жеткізіп, сауда-экономика, әлеумет, медицина, білім салаларында қарым-қатынасты нығайта түсудің негізі зор екенін айтты.
Келесі мақала