Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ҰЛТ САУЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БАСТЫ БАҒЫТЫМЫЗ

ҰЛТ САУЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БАСТЫ БАҒЫТЫМЫЗ
ашық дереккөз
ҰЛТ САУЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БАСТЫ БАҒЫТЫМЫЗ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстанның эк ономик алық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Ең алдымен, Мемлекет басшысы ауқымды саяси реформаларға тоқталып , елімізде «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы барынша тұрақтанғанын және адам құқығын қорғау саласында маңызды қадамдар жасалып, әділдік пен заң үстемдігін орнату үшін ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Сондай-ақ Президент нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалуға болмайтынына назар аударып, осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет екенін айтты. Медицина саласына үнемі қолдау көрсетіп, ұлт саулығына аса мән беріп отыратын Президент «Дәрігерлердің айлығыда айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы орташа жалақыдан әлдеқай д а жоғары . Ж ұ рт қ а зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді» дей келе, медицина қызметкерлерінің орта жалақысы 2,5 есеге дейін кезең - кезеңі мен өсірілгенін айтты. Мәселен, осы жылдың 1 қаңтарынан облыстың денсаулық сақтау ұйымдарындағы 11 896 медициналық қызметкердің, оның ішінде 3 248 дәрігердің жалақысы орта есеппен 30 пайызға, 8 648 орта медицина персоналының жалақысы орташа есеппен 20 пайызға ұлғайды, дәрігердің айлығы орта есеппен 453 427 теңгеден 589 455 теңгеге өсіп, орта медициналық буын персоналының айлығы 204 000-нан 244 800 теңгеге көтерілді. Сонымен қатар осы жылы біраз жылдан бері шешімін таппай келе жатқан тазалықшы, жүргізуші және өзге де персоналдардың еңбекақысы орта есеппен 18 пайызға көтерілуде. Атап айтқанда, 3 430 тазалықшының еңбекақысы орта есеппен 124 854 теңгеден 147 327 теңгеге дейін көтерілді. Мұның барлығы Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайларын жақсартуға , ұлт саулығын қалыптас тыруға бағытталған кешенді жоспарларының жүзеге асырылғанының бір көрінісі деп білемін. Біз, медицина қызметкерлері Мемлекет басшысының өзімізге артып отырған зор сенімін ақтауға және басты міндетіміз – халық денсаулығын сақтау мен арттыру ісінде аянбай еңбек ететінімізге кепілдік береміз. Жанар ОСПАНОВА, облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар