КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ
VIIІ шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясының ашылуында жарияланған Президент Жолдауының басты бағыты – Қазақстанның әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық дамуы. Бұл ретте экономиканы әртараптандыру, елдің жаңа энергетикалық мүмкіндіктері, сондай-ақ экология, білім беру және азаматтардың әл-ауқаты туралы көп айтылды. Экономиканы әртараптандыру арқылы сыртқы факторлардың жағымсыз әсер етуіне қарамастан, экономикалық өсiмнің оң көрсеткіштерін қамтамасыз етуге, сапалы дамуына жол ашылатыны нақты тапсырмалармен айқындалды.
Ішкі жалпы өнімге үлес қосу жолында Қазақстанды ІТ мемлекетке айналдыру негізінде жасанды интелектті дамытудың маңыздылығы тілге тиек етілді. ІТ саласын ілгерілетуде ең жағымдысы, цифрландыруға жіті назар қойылар еді. Бұл дегеніміз – кез келген салада жалпы жұмыстың жеделдеуіне және бюрократияның кезең-кезеңімен төмендеуіне әкелуі тиіс. Құрамында зергерлік бұйымдар, IT және цифрлық ойын жасау, мәдени мұра, телебағдарламалар, фото және дизайн, сәулет және сән, музыка, кино және анимация, сондай-ақ кейбір мәденидемалыс мекемелерінің іс-шаралары бар «креативті өндіріс» саласына үдеріс қажет екені ескертілді. Бұл сала дарынды әрі шығармашыл адамдарды өзіне тартатыны белгілі. Әлеуметтік-мәдени өмірде «креативті индустрияны» дамыту жоғары технологиялар мен жаңашыл әдістер негізінде мәдениет дамуының жаңа типі болып табылады. Демек, саланың дамуы креативті адамдардың өз ісіне деген ынтасын жаңғыртып, нәтижесінде туындаған өнімін коммерцияландыруына көптеп көмегін тигізер еді. Қорыта айтқанда, Президенттің Жолдауда ұсынған жаңа, әртарапты экономикалық даму бағдары бұған дейінгі еліміздің экономикалық өсу бағыттарын қайта айқындады. Жаңа ұстанымдар аясында дамудың ішкі факторларына басымдық беріліп отырғанын байқауымызға болады. Сонымен бірге даму үлгісіне деген жаңа көзқарас осыған дейін жеткен жетістіктерімізден бас тартуға мәжбүрлемейді, яғни еліміздің әрі қарай тұрақты дамуына негіз қалайды. Жалпы мемлекетіміздің экономиканы әртараптандыру жолындағы салааралық реформаларды жалғастыруға деген ұмтылысынан хабар береді.
Жанат ТҰРЛЫҒҰЛОВА,
облыстық халықшығармашылығы
орталығы директорының
орынбасары
Келесі мақала
КОНСТИТУЦИЯ ҮСТЕМДІГІ– ТҰРАҚТЫ ДАМУ КЕПІЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылында білімнің жаңа нұры жарқ етті!
- авторAR-AY
- 11 желтоқсан, 2024