БӘСЕКЕЛЕСТІК АРТЫП КЕЛЕДІ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған әрбір Жолдауы – мемлекеттің стратегиялық құжаты саналады. Сол себепті осы жақындағы кезекті жолдаған Жолдауында тек еліміздің жетістіктері мен жақсы көрсеткіштері ғана емес, алға қойған ауқымды шаруалар мен айқын мақсаттар, ұтымды жоспарлар тоғыстырылған. Ол жоспарлардың ел болашағы жолындағы маңыздылыған айта кеткен жөн.
Жетістіктер жайлы айтар болсақ, Мемлекет басшысы атап өткендей, расында, 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есеге өсті. Дәрігерлердің табысы елдегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Президент осы сынды өзге де көрсеткіштерге кеңінен тоқталды. Бірақ мені болашақта елімізді не күтіп тұрғаны көбірек қызықтырды. Қасым-Жомарт Кемелұлы биылдан бастап «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынатынын ерекше атап өтті. Қазір еліміздің ауылдарында 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынуда . Пайдаланылмай жатқан немесе заңсыз берілген сегіз миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Одан әрі Президент Қазақстан немен айналысуы керек екенін айтты. Атап айтқанда, металл, мұнай мен газды терең өңдеуді ұйымдастыру қажет. Дегенмен әлеуеті толық пайдаланылмай отырған агроөнеркәсіп кешенінің алдында да сол міндет тұр. Мұнда сүт, ет, астықты көбірек өңдеумен айналысу керек. Бүкіл әлемде сыртқы сауда нарықтары үшін бәсекелестік күрес қарқынды жүріп жатыр. Ал сыртқы нарыққа тек сапалы өнім шығару арқылы ғана бәсекелестікте жеңуге болады. Сондай-ақ су тапшылығы бүгінгінің басты жаһандық проблемасына айналды. Әрине, бұл мәселе біздің елде де бар. Сондықтан Мемлекет басшысы Үкімет алдына су мәселесін көршілес мемлекеттер мен бірлесіп шешу міндетін қойды. Мәселені шешудің бірден-бір жолы – ауылшаруашылығына су үнемдейтін технологияларды барынша енгізу. Әрине, бұл тапсырма бірінші рет беріліп отырған жоқ, бірақ орындалуы баяу. Осыған байланысты Мемлекет басшысы жыл сайын 150 мың гектар жерге жаңа технология енгізу міндетін қойды. Түйткілдің өзектілігі сонша, қалыптасқан проблемаларды шешумен айналысатын жаңа министрлік құру қажеттілігі де туындап отыр. Президент банк жүйесіне де айрықша тоқталып, әрі қатаң сынға алды. Мемлекект басшысы атап өткендей, банктер экономиканың нақты секторына қаржы құюдың орнына тұтынушылық несиелер үлестірудің соңынан кетті. Ал өз пайдасын ғана ойлаған банктердің бұл саясаты халықтың несиеге деген тәуелділігі сынды келеңсіздікке алып келді . Сондықтан өткен жылы таза кірісі бір жарым триллион теңгені құраған, ал биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында бір триллион теңгені құраған коммерциялық банктердің қызметін қайта форматтау қажет. Өкінішке қарай, банк секторының мұндай жоғары табыстылығынан мемлекет те, халық та ешқандай пайда көріп отырған жоқ. Бұл салада Үкімет реттейтін күңгірт тұстар көп екені анық. Бұл маңызды мәселеден парламентарий діңде шет қалмағаны абзал. Еліміздің дамуына тосқауыл болып отырған түйткілді мәселелердің барлығын Президент әдеттегідей тағы да ашық айтты. Атап айтқанда, құқық қорғау және өзге де органдардан кәсіпкерлердің соңына түсіп алуды доғаруды талап етті. Ол мұндай фактілерден хабардар екенін де жеткізді. Және алдағы уақытта кәсіпкерлермен кездесуді жоспарлап отырғанын айтты. Соған қарағанда, кәсіпкерлер тығырыққа тірелген сияқты. Осы жерде қалдықтарды жинаумен айналысып, бәсекелестерді нарықтан қуып шыққан «Oператор РОП » компаниясы туралы шындықтың беті ашылған ҚасымЖомарт Кемелұлының 2021 жылдың күзіндегі кәсіпкерлермен өткен алғашқы кездесуі еске түседі. Жалпы Жолдауда ел экономикасын дамыту жоспары мұқият зерделеніп, сарапталып, нақты қорытындысы жасалған. Реформалардың басты міндеті – экономиканың тұрақты өсімін алты-жеті пайызға қамтамасыз ету. 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көлемін екі есе ұлғайту, яғни бұл 450 миллиард АҚШ долларға тең. Мұның барлығы халықтың өмір сүру деңгейін көтеру үшін жасалып отыр. Президент айтқандай, осы стратегиялық жоспардың нәтижесін еліміздің әрбір тұрғыны сезінуі керек. Бұл өте маңызды мәселе. Жолдаудың барлық бүгешігесін зерделеп, сол бағыттағы жұмыстардың жемісін көру үшін уақыт керек. Бәрі бірден бола қоймайтыны анық. Бұл ретте экономистер де өз пікірін білдіріп, сараптай жатар. Бірақ қазірдің өзінде қойылған міндеттер мемлекеттің назарында екенін нық сеніммен айта аламыз. Ішкі жалпы өнімге үлес қосу жолында Қазақстанды ІТ мемлекетке айналдыру негізінде жасанды интелектті дамытудың маңыздылығы тілге тиек етілді. ІТ саласын ілгерілетуде ең жағымдысы, цифрландыруға жіті назар қойылар еді. Бұл дегеніміз – кез келген салада жалпы жұмыстың жеделдеуіне және бюрократияның кезең-кезеңімен төмендеуіне әкелуі тиіс. Құрамында зергерлік бұйымдар, IT және цифрлық ойын жасау, мәдени мұра, телебағдарламалар, фото және дизайн, сәулет және сән, музыка, кино және анимация, сондай-ақ кейбір мәденидемалыс мекемелерінің іс-шаралары бар «креативті
Бекет МОМЫНҚҰЛ,
ҚР Журналистер
одағының мүшесі
Келесі мақала