Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тіл тағдыры – ел тағдыры

Тіл тағдыры – ел тағдыры
ашық дереккөз
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Тіл – қандай ұлт болмасын әрқашан да қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ананың ақ сүтімен дарып, мәңгілік қалыптасады. Қандай мәдениет болмасын қатынас құралы ретінде де, сол ұлттың болмысы көрінген келбеті ретінде де тіл арқылы жасалған. Кез келген халық туған тілі арқылы өмір сүреді, ұлттық болмысы ұрпақтан-ұрпаққа, заманнан-заманға жетіп, ұлттық тұтастығын сақтайды. Сондықтан да тіл адастырмас темірқазық іспетті. Қазақстан халқының тілдері күніне орай Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков шаһардағы өзге этнос өкілдерімен кездесті. Жиында қала басшысы аталған басқосудың маңыздылығына кеңінен тоқталды. – 2017 жылы Үкімет қаулысымен 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі болып бекітілген. Тіл мерекесінің бұл күнге белгіленуінің өзіндік себебі бар. Бесінші қыркүйек – Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Тіл – өте қасиетті ұғым. Ол халықтың өткені, бүгіні, болашағы және достықтың, татулықтың алтын көпірі. Бүгінде мемлекеттік тілдің мәртебесі жоғарылап, қолданыс аясы кеңейіп келеді. Соңғы уақытта қазақ тілі – татулығымыздың ті­регіне айналғаны рас. Сондықтан әрбір аза­мат мәңгілік еліміздің сарқылмас байлығы – қазақ тілін көзінің қарашығындай сақтап, құрметін арттырса, ұлтымыздың болашағы жарқын болады, – деген Бақытжан Әмірбекұлы кездесуге келген тіл жанашырларын еркін форматта әңгімелесуге шақырды. Жиында Тараз қалалық мәслихатының төрағасы Кенжебек Олжабай мен қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Сембек Сейдәзімов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Күләш Әбдікешова сөз алып, тіл қолданысындағы өзара ынтымақтастың маңыздылығын атап өтті. Басқосуда әнші, актер Али-Сұлтан Семыкин өлең оқыса, Тараз сервис және технология колледжінің студенті Аяна Ким жетіген тартып, көпшілікке өнерін паш етті. Бұдан кейін өзге қатысушылар ұлттар достығы, мемлекеттік тілдің мәртебесі жөнінде өз ойларын ортаға салып, емен-жарқын әңгіме өрбітті. Сондай-ақ бірқатар тіл жанашырлары қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Эльмира ТІЛЕУБЕРДІҚЫЗЫ
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар