Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ҚАҒАЗБАСТЫЛЫҚТАН ҚҰТЫЛАТЫН КЕЗЕҢГЕ КЕЛДІК

ҚАҒАЗБАСТЫЛЫҚТАН  ҚҰТЫЛАТЫН КЕЗЕҢГЕ КЕЛДІК
ашық дереккөз
ҚАҒАЗБАСТЫЛЫҚТАН ҚҰТЫЛАТЫН КЕЗЕҢГЕ КЕЛДІК
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында: Қазір адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер мен түбегейлі өзгерістер дәуірі басталғанын айтып дабыл қағып, осындай аса маңызды шақта зор экономикалық серпіліс жасауға еліміздің толық мүмкіндігі бар. Ол үшін біз біртіндеп жаңа экономикалық үлгіге өтуіміз керек. Бұл жұмысты батыл жүргізуіміз қажет. Басты мақсат – қағаз жүзіндегі биік жетістіктерге қол жеткізу емес, шын мәнінде халықтың тұрмыс сапасын жақсарту болуға тиіс», деп айтқан сөздері халықтың күткен жерінен шықты дер едім. Бұл бүгінгі кейбір сала мамандарына сабақ аларлық сөз. Расында, сөз жүзінде емес, іс жүзінде істейтін уақыт келді. Бұрынғыдай қағазбастылықпен қадам аша алмай жүретін емес, қайта алға қарай ілгерілеп, қарқынды дамитын дәуір туды. Президент ешқа­шан да халықты тың­дайтын Үкімет жасақтау ниетінен айныған емес. Бұл да сол уәдесінің дәлелі деуге болады. Дейтұрғанмен бізде әлі күнге дейін қағаз жүзінде істеліп жатқан жұмыстар жоқ емес. Бұл мәселенің шешімін табу, барынша жұмысты оңтайландырады әрі жемқорлықтың да алдын алары хақ. Сондықтан басты назарды жұмыстың нәтижесіне аудару қашанда басым орында болғаны абзал. Сондықтан мен бұл Жолдаудан біздің ел нағыз дамудың алғашқы қадамдарын басуға бел буғанын түсіндім. Бізді алдағы күндері үлкен жобалардың жемісті шақтары күтіп тұрғанына өз басым кәміл сенемін. Меңдібай ӘБІЛҰЛЫ, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының доценті, филология ғылымдарының кандидаты, профессор
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар