Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбыл Жабаев бүгін Instagram-да не туралы жазар еді?

Жамбыл Жабаев бүгін Instagram-да не туралы жазар еді?
Автор
Жамбыл облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен «Жамбыл Жабаев бүгін Instagram-да не туралы жазар еді?» атты рух пен технология тоғысқан ерекше байқау өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2026 жылды Жасанды интеллект жылы деп жариялауы – ел дамуының жаңа белеске қадам басқанын айқындайды. Осы бастамамен үндескен шара дәстүр мен заманауи технологияның үйлесімін сәтті көрсетті. Көрермендер уақыт пен кеңістікті байланыстыратын ерекше шығармашылық атмосфераға куә болды.

Шараның басты ерекшелігі – жүргізушілердің бірі жасанды интеллект болуы. «Темірбек» атты ЖИ кейіпкері арқылы цифрлы дәуір мен рухани құндылықтардың байланысы көркем түрде ашылып, көрермендерге жаңа форматтағы жүргізу стилі ұсынылды.

Байқауға өңірдегі жетекші оқу орындары мен мәдени мекемелерден 30-ға жуық жұмыс ұсынылды. Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын ұлттық-мәдени элементтердің қолданылу деңгейі, эмоциялық және зияткерлік әсері, техникалық сапасы, идеяның жаңашылдығы және форматқа сәйкестігі бойынша бағалады. Нәтижесінде үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды.

Шара аясында «Жыр алыбы – Жамбылым» атты кітап көрмесі, робототехника көрмесі, дрон көмегімен ақын портретінің әуеде көрсетілімі, ақынның «Таңдамалы» жинағының брайль қаріпіндегі тұсаукесері, сондай-ақ байқаудың үздік бейнероликтері ұсынылды. Сонымен қатар жасанды интеллекттің даму тарихы таныстырылып, Жамбыл мен Құлмамбет айтысының жаңаша форматтағы көрінісі сахналанды. Бұл көрініс ғасырлар үнін бүгінгі технологиямен үйлестірген әсерлі сәттердің бірі болды.

Шара соңында көрермендерге болашақ ұрпаққа арналған рухани үндеу жолданып, өнер мен технологияның бірлікте дамуының маңыздылығы атап өтілді. Аталған байқау – ұлттық мұраны жаңа форматта насихаттаудың жарқын үлгісі. Жамбыл жыры цифрлы дәуірде де өзектілігін жоғалтпай, жаңа тыныс алғанына тағы бір мәрте көз жеткіздік.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей анықталды:

І орын – Жақсымбетова Гүлсім, «Әлем» кәсіби білім беру колледжінің кітапханашысы;

ІІ орын – Бейсен Едіге, IT мамандандырылған лицейінің оқушысы;

ІІІ орын – Үркумбаева Айгерім, Жамбыл облыстық жыршы-термешілер, айтыскер ақындар орталығының қызметкері.

Сондай-ақ «Үздік визуал», «Юмор», «Әдеби сын», «Ой ұшқырлығы» номинациялары бойынша жеңімпаздар марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталды. Қалған қатысушыларға алғыс хаттар берілді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар