Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жол-көлік оқиғаларының саны азайған

Жол-көлік оқиғаларының саны азайған
ашық дереккөз
Жол-көлік оқиғаларының саны азайған
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифингте облыстық полиция департаментінің жол жүрісін қадағалауды ұйымдастыру тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Болат Ізбасаров облыс аумағында жасөспірімдердің қатысуымен орын алған жол-көлік апаттылығының жағдайы туралы есеп берді.  Осы жылдың 7 айында облыс аумағында орын алған жол-көлік оқиғаларының саны 35,9 пайызға, қаза болғандар саны – 18 және жарақат алғандар саны 39 пайызға төмендепті. Оның ішінде жасөспірімдердің қатысумен орын алған жол қозғалысы оқиғасы 27,4 пайызға және жарақат алғандар саны – 33,5, ал қаза болғандар 46,2 пайызға азайған екен. Спикердің айтуынша, республикалық маңызы бар автожолда 37 жол-көлік оқиғасы орын алып, 6 жасөспірім қаза болған. 52 жасөспірім дене жарақатын алған. Ал жергілікті маңызы бар автожолда 15 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 8 жасөспірім қаза болыпты. 11 жасөспірім дене жарақатын алған. Жасы кәмелетке толмаған жаяу жүргіншілердің қатысумен 83 жол қозғалысы оқиғасы тіркеліп, 2 адам қаза болыпты. Онда 88 адам дене жарақатын алған. Осы жылы жасы кәмелетке толмаған велосипедшілердің қатысуымен 13 оқиға тіркелсе, 1 адам қаза тауып, онда 13 адам дене жарақаттарын алған екен. – Өткен жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес облыс аумағында осы жылдың 27 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында «Абайлаңыз, балалар!» атты жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Оның негізгі мақсаты – балалардың жарақаттануының алдын алу. Сонымен қатар жол жүрісі қауіпсіздігі тақырыбында дәрістер, әңгімелесулер, конкурстар өткізу, семинарлар мен тренингтерді ұйымдастыру, педагогика қызметкерлерінің біліктілігін арттыру. Жыл басынан бері жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде облыс аумағында «Абайлаңыз, балалар!», «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі», «Назар аударыңыз, балалар!» «Жүргізуші, абай болыңыз, жолаушыңыз бала!» сынды бірқатар профилактикалық іс-шаралар мен акциялар ұйымдастырылды. Барлық мектептерде өткізілген ата-аналар жиналыстарында өз балаларының өміріне бейжай қарамаулары, оларды мектепке апаруы, мектептен соң үйіне алып кету мүмкіндіктерін қарауы бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді, – дейді Б.Ізбасаров. Жыл басынан бері білім беру, мектепке дейінгі білім, спорт мекемелері маңында 20-ға жуық жол белгілері мен билборд, паннолар қойылыпты. Көлік құралдарының жүргізушілеріне және жаяу жүргіншілерге жолда жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы 7 мыңнан астам үнпарақ, жадынамалар таратылған. Сондай-ақ облыстың автожолдарында 10 билборд орнатылыпты. Қалалық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қатарынан құрылған топ күн сайын автокөлік жолаушыларымен жол арқылы өту кезінде жол қауіпсіздігі ережесін сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Эльмира БАЙНАЗАРОВА
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар